X
egov

You are here

Қазақстанда 2015 жылғы I тоқсанда қызамық сырқаттанушылығы жағдайлары тіркелген жоқ

Қазақстанда 2015 жылғы I тоқсанда қызамық сырқаттанушылығы жағдайлары тіркелген жоқ, ал 2014 жылдың осы кезеңінде қызамық сырқаттанушылығының 70 жағдайы тіркелген.

Қазақстанда қызамыққа қарсы халықты жоспарлы иммундау қызылша, қызамыққа және паротитке (бұдан әрі – ҚҚП) қарсы құрама вакцинамен жүргізіледі және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған міндетті профилактикалық егу тізіміне кіреді.

Егу жұмыстарының арқасында республика бойынша соңғы 20 жылда қызамықпен сырқаттану деңгейі 68 есе төмендеді.

Қызамық - бұл ауру адаммен тығыз байланыс кезінде ауа-тамшылы берілетін, жіті респираторлық вирустық ауру. Қызамық құрсақтағы баланың 85% - ға дейін ауыр жарақаттану мүкіндігінің жоғарылауына байланысты жүкті әйелдерге ерекше қауіп төндіреді. Сонымен бірге туа біткен қызамық синдромы (жүрек кемістігі, катаракта, нашар есту) үштік аномалиялар түрінде пайда болады. Сонымен қатар, жиі қаңқа зақымданады,  зәршығару және ас қорыту жүйелері кемістігінің дамуы, геморрагиялық синдром (тромбоцитопения есебінен) микрофтальмгения, орталық жүйке жүйесі зақымданады.  

Қызамықтың алдын алуда егу бірегей әдіс болып табылатынын  атап өту керек. Қазақстанда халықты бұл ауруға қарсы иммундау 2 рет жүргізіледі: 12-ден 15  айға дейінгі аралықта және 6 жастағылар. 

29 сәуір, 2015 - 11:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші