Министр Тамара Дүйсенова Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Министр Тамара Дүйсенова Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мерекелік іс-шараларға қатысу үшін Қарағандыдан Астанаға келген 19 ардагерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады.

Министр ардагерлерге ел басына күн туған қиын-қыстау жылдары көрсеткен ерліктері мен шыдамдылықтары үшін алғысын білдірді.  

«Сіздердің қан майданда көрсеткен ерліктеріңіз бен тылда аянбай еткен еңбектеріңіздің арқасында Жеңіске жеттік. Соғыстан кейінгі жылдары да елімізді қалпына келтіруге және дамытуға зор үлес қостыңыздар. Жастардың тәрбиесіне көңіл бөліп, оларға еңбектегі және өмірдегі мол тәжірибелеріңізді бердіңіздер»,-деді Тамара Дүйсенова Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтау салтанатында.     

Кездесу қорытындысында Министр ардагерлерге мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр тілеп, естелік сыйлықтарын (телевизорлар мен азық-түлік) табыс етті. 

Бұған дейін де хабарланғандай, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған Астана қаласындағы іс-шараларға 260 соғысқа қатысушы және 70 ілесіп жүруші адам, ал Мәскеудегі Қызыл алаңда өтетін әскери шеруге – 6 соғысқа қатысушы және оларға ілесіп жүретін 6 адам барады. «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» АҚ Орталық кеңесінің ұсынысы бойынша Қазақстаннан баратын делегация құрамында Астана, Алматы қалаларынан, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан ардагерлер болады.  

ҰОС Жеңістің 70 жылдығына арналған Астана және Мәскеу қалаларындағы мерекелік шерулерге қатысу үшін ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ оларға еріп жүретін адамдардың жол жүру, тұру және тамақтану шығыстарын төлеу үшін республикалық бюджетте 61 млн. теңге көзделген.

 

8 мамыр, 2015 - 12:01 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші