15 мамырда Халықаралық отбасы күні аясында қазақстандық дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңес береді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

15 мамырда Халықаралық отбасы күні аясында қазақстандық дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңес береді

2015 жылғы 15 мамырда Қазақстанның барлық өңірлерінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында ашық есік күндері өткізіліп, акушер-гинеколог, уролог-андролог, балалар гинекологы, дерматовенеролог, терапевт, педиатр және психолог сияқты мамандар тұрғындарға тегін кеңестер береді. Бұл іс-шаралар биыл «Отбасы – бұл денсаулық, ұзақ өмір және ұрпақтар сабақтастығы» ұранымен өтетін Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылады.      

Сонымен қатар, республика өңірлерінде дөңгелек үстелдер, конференциялар және дебаттар өткізіліп, отбасын жоспарлау, ерте жүктілік профилактикасы, жүктілікті тоқтату және репродуктивтік денсаулықты сақтаудың өзекті проблемалары, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың профилактикасы, АИТВ/ЖИТС, ерлер мен әйелдер денсаулығына кері әсерін тигізетін мінез-құлық тәуекел факторлары сияқты мәселелер талқыланады. 

Халық көп жиналатын жерлерде (саябақтар, алаңдар, стадиондар, спорт алаңдары, неке қию және мәдениет сарайлары, супермаркеттер және т.б.) кең ауқымды акциялар өткізу жоспарланған.

«Отбасы – бұл сенім, махаббат және мейірімділік» тақырыбында сурет байқаулары мен театр қойылымдары, сондай-ақ, «Біз бәрін істей аламыз, өйткені біз - отбасымыз», «Бірлік болса, алынбайтын қамал жоқ» тақырыптарында спорт жарыстары ұйымдастырылады.

Халықаралық отбасы күні босанған әйелдерді перзентханаларда және балалар ауруханаларының неонатология бөлімдерінде құттықтайды.

Халықаралық отбасы күні жоспарланған барлық іс-шаралар репродуктивтік денсаулық үшін азаматтардың ортақ жауапкершілігін, өздерінің және жақындарының денсаулығына қатысты жауапты қауіпсіз мінез-құлық машықтарын қалыптастыруға, дүниеге дені сау бала әкелуге жағдайлар жасауға бағытталады.      

14 мамыр, 2015 - 15:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші