Астанада сарапшылар мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Астанада сарапшылар мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Бүгін Астанада «Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын Қазақстан Республикасының ратификациялауы: оң өзгерістерге қарай» халықаралық конференциясы болып өтті. 

Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетінің төрағасы Хорхе Арайя, ҚР Парламентінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.        

Конференция барысында Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қорғаудың ұлттық жүйесі таныстырылды. Халықаралық стандарттарды ескере отырып, оны жетілдіру тетіктері талқыланды. Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау аясында әрі қарайғы стратегияны қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірленді.   

Конференцияда сөз алған Тамара Дүйсенова аталған Конвенцияны ратификациялау мүгедектердің өмір сапасын жақсартуға ықпал ететінін атап көрсетті. Осы мақсатта Қазақстан Үкіметі 2012-2018 жылдарға арналған Мүгедектердің құқықтарын қорғау және өмір сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдап, кезең-кезеңмен іске асыруда. 

Конференцияға қатысушылар инклюзивтік білім беруді дамыту, мүгедектігі бар тұлғаларды жұмыспен қамту, олардың өмір сапасын арттыру жөнінде тәжірибелерімен бөлісті.

Еске сала кетейік, 2015 жылғы 20 ақпанда Мемлекет басшысы «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Аталған халықаралық құжатқа қол қойылғанға дейін Қазақстан Конвенцияға қол қойған 2008 жылдан бері ауқымды, жүйелі жұмыстар атқарылды.  

Бұл халықаралық пактіні ратификациялау ел тарихында айтулы кезең боп табылады және мемлекеттің мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын алға жылжыту саласында жалпылама мойындалған халықаралық стандарттарға айнымастығын көрсетеді. Қазіргі уақытта Конвенцияны әлемнің 150 елі ратификациялаған.  

 

15 мамыр, 2015 - 12:08 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші