X
egov

You are here

17 мамырда Қазақстанда АИТВ/ЖИТС жөнінде тұрғындарды ақпараттандыруға бағытталған іс-шаралар өтеді

2015 жылғы 17 мамырда еліміздің барлық өңірлерінде Бүкіләлемік ЖИТС құрбандарын еске алу күні аясында АИТВ/ЖИТС жөнінде тұрғындарды ақпараттандыруға бағытталған тақырыптық акциялар өтеді. 

Шараның негізгі мақсаты – бүгінгі таңда АИТВ инфекциясын уақытылы емдеген жағдайда ол өмірге қауіп төндіретін дерттен созылмалы ауруға айналып, толыққанды ұзақ өмір сүруге болатынын адамдарға түсіндіру боп табылады.   

Яғни, адамдарды АИТВ-ге тест тапсырудан, ол туралы ашық айтудан қорықпауға үндеуді, туындаған сұрақтарына жауап табуына көмектесуді, қатерлі дерттен қаза тапқандарды еске алуды және осы дертпен өмір сүріп жатқан адамдарға, олардың туыстары мен жақындарына қолдау көрсетуді көздейді.   

АИТВ індеті тарала бастағалы әлемде шамамен 78 млн. адам дерт жұқтырып, 39 млн. адам ЖИТС-пен байланысты аурулардан көз жұмды.

Қазақстанда ауруға қарсы жүйелі іш-шаралар жүргізу нәтижесінде АИТВ инфекциясының таралуына қатысты жағдай тұрақталып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, шоғырландырылған деңгейде сақталып отыр. Республикада дертке шалдыққан адамдардың барлығы үшін емделуге, күтінуге жалпы қолжетімділік қамтамасыз етіліп, науқастардың өмір жасын ұзартуға және өлім-жітімді азайтуға ықпал етуде.  

2009 жылмен салыстырғанда 2014 жылы антиретровирустық терапия алатын АИТВ-мен өмір сүретін науқастар саны 4,5 есеге артты. Оңтүстік Қазақстан облысында балаларды тиімді емдеу үшін «Ана мен бала» арнаулы оңалту орталығы қызмет етеді. Антиретровирустік терапияның тиімділігін бақылайтын жаңа технологиялар енгізілуде. АИТВ дертіне шалдыққан адамдарға консультативтік-диагностикалық көмек көрсету үшін телемедицина жетістіктері кеңінен пайдаланылуда.    

Еске сала кетейік, Бүкіләлемдік ЖИТС құрбандарын еске алу күні 1983 жылдан бері әлемде мамыр айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. 

Тегтер:
15 мамыр, 2015 - 14:42 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші