X
egov

You are here

Қазақстанда Медицина қызметкерлерінің республикалық спартакиадасы басталды

Бүгін Қазақстанда «Дәрігерлер мен мейіргерлердің ұраны - сергектік, көтеріңкі көңіл-күй және деннің саулығы» ұранымен Медицина қызметкерлерінің республикалық спартакиадасы басталды. Шара республиканың барлық өңірлерінде 20 маусымға дейін жалғасады.   

Аталған спартакиада жыл сайын Медицина қызметкерлерінің күні (маусым айының үшінші жексенбісі) және Ұлттық ойындар күні аясында өткізіледі. 

Медициналық қызметкерлер шағын футбол, волейбол, жеңіл атлетикалық эстафета 4*100 м., жеңіл атлетика, үстел теннисі, армреслинг, сондай-ақ, арқан тарту, асық, қазақша күрес, қыз қуу, көкпар және тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындарда күш сынасады.   

Дене белсенділігі – жүрек қан тамырлары аурулары, гипертензия, диабет және обырдың кейбір түрлері бойынша тәуекелді төмендетуге ықпал ететін денсаулықтың маңызды түпқазығы боп табылады. Ол адамның психикалық денсаулығына оң әсер етіп, күйзеліс, тынышсыздық және жабығушылық жағдайларын төмендетеді. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ересек адамдарға апта бойына кем дегенде 150 минут дене белсенділігімен айналысуға кеңес береді.

Бүгінгі таңда әлемде дене белсенділігі деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. Мәліметтер бойынша, Еуропада ересек адамдардың шамамен 35% белсенді өмір салтын жеткілікті деңгейде ұстанбайды. Еуропа Одағына қатысты соңғы деректерге қарағанда, әрбір 10 адамның 6-ы ешқашан спортпен немесе дене шынықтырумен айналыспаған немесе өте сирек айналысады. 52% дене белсенділігінің өзге де түрлерімен айналыспайды немесе оған сирек көңіл бөледі. Ал Еуропадағы үлкен адамдардың 64% күніне кемінде 4 сағат отырып жұмыс істейді. Бұл – ДДҰ барлық өңірлері ішінде ең жоғары көрсеткіш.          

ДДҰ сарапшыларының пікірінше, кәсіпорындар мен ұйымдарда дене белсенділігін арттыруға көңіл бөліп, қызметкерлерді дене шынықтырумен айналысуға ынталандыру керек.

Осыған байланысты, дәстүрлі спартакиада өткізу медициналық қызметкерлер арасында дене белсенділігін және спортты насихаттауға, медициналық қоғамдастықты дене шынықтырумен айналысуға жұмылдыруға, денсаулыққа ортақ жауапкершілік қалыптастыруға және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік береді.    

Спартакиада қорытындысы республика өңірлерінде 20 маусымда – медицина қызметкерлерінің күніне орай шығарылады.  

22 мамыр, 2015 - 10:15 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші