ҚР ДСӘДМ мен «Джонсон&Джонсон» ЖШҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ мен «Джонсон&Джонсон» ЖШҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен «Джонсон&Джонсон» жауапкершілігі шектеулі қоғамының ТМД елдері бойынша директоры Алексей Кузнецов өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның басты мақсаты Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға бағытталған тараптардың өзара ынтымақтастығы боп табылады.  

ҚР ДСӘДМ мен «Джонсон&Джонсон» ЖШҚ арасындағы ынтымақтастық келесі бағыттарды қарастырады: 

-         әлеуметтік маңызды аурулардың қазіргі заманғы терапиясы мәселелерінде денсаулық сақтау мамандарының білім деңгейін арттыру мақсатында ғылыми-білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;

-         әлеуметтік маңызды аурулардың қазіргі заманғы диагностикасы мен терапиясын Қазақстан Республикасында клиникалық тәжірибеге енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу;

-         әлеуметтік маңызды аурулар бойынша науқастарды емдеудің деңгейін арттыру бойынша бағдарламалар енгізу;

-         әлеуметтік маңызды аурулар бойынша науқастар тізілімін құруға көмектесу және тәжірибелерді зерттеу;   

-         фармакологиялық бақылау саласында тиімді ынтымақтастықты дамытуға көмектесу;

-         жоғарыда аталған бағыттар бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидалары мен тетіктерін қарастыру және әрі қарай енгізу.

Еске сала кетейік, «Джонсон&Джонсон» фармацевтикалық компаниясы – әлемге әйгілі ірі корпорация. Компания өндіретін дәрілік заттар мен медициналық қондырғылар Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пайдаланылады.  

22 мамыр, 2015 - 17:27 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші