Қазақстан өкілі ДДҰ Атқарушы комитетінің мүшесі боп сайланды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстан өкілі ДДҰ Атқарушы комитетінің мүшесі боп сайланды

Бүгін Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясының 68-ші сессиясында Құлжанов Мақсұт 2015 жылғы мамырдан 2018 жылғы мамырға дейінгі кезеңге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Атқарушы комитетінің мүшесі боп сайланды.

Атқарушы комитеті ДДҰ-ның басқарушы органы боп табылады. Комитет отырыстарында әлемнің денсаулық сақтау саласының дамуына әсер ететін маңызды шешімдер қабыданады. ДДҰ Атқарушы комитеті ұйымның даму стратегиясын анықтап, ДДҰ Штаб-пәтерінің және алты өңірлік кеңсесінің қаржы, маман және техникалық саясатын басқарады.   

 Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясының басшылығы Қазақстан ДДҰ Атқарушы комитетінің жұмысына лайықты үлес қосатынын мәлімдеді.

Мақсұт Құлжанов – Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің негізін қалаушы. Мұндай ұйым Орталық Азия өңірінде ғана емес, бүкіл ТДМ аумағында алғашқы боп құрылды. М.Құлжанов аталған ұйымды 15 жыл басқарып, халықаралық деңгейде танылуына еңбек сіңірді. 1992-1997 жылдары ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды. 200-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. Дәріскер және денсаулық сақтау саласының зерттеуші ретінде бай тәжірибеге ие.   

22 мамыр, 2015 - 17:58 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші