Емдеу ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған қазақстандықтарға биыл жыл басынан бері 30,5 млрд. теңгеге дәрі-дәрмек берілді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Емдеу ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған қазақстандықтарға биыл жыл басынан бері 30,5 млрд. теңгеге дәрі-дәрмек берілді

2015 жылғы 1 қаңтардан бері медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған қазақстандықтар 30,5 млрд. теңгеге дәрі-дәрмек алды.

Жалпы 2015 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық науқастарды дәрімен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 34 млрд. теңге, ал республикалық бюджеттен 50 млрд. теңгеге жуық қаражат қарастырылған.  

Республиканың барлық өңірлерінде дәрілік қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілді. Бұл дәрігерлердің рецепт жазуын, науқастардың мемлекет кепілдік берген препараттарды нақты алуын тікелей бақылап отыруға мүмкіндік береді.  

Дәрілік заттар фармацевтикалық қызметтер ұсынатын дәріханалық ұйымдар арқылы жіберіледі.       

Еске сала кетейік, амбулаториялық науқастарды дәрімен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізіміне сәйкес жүзеге асырылып, 48 нозология бойынша 400-ден астам дәрілік зат тегін беріледі. Оның ішінде 13 нозология бойынша дәрі-дәрмекке қаражат республикалық бюджеттен, 35 нозология бойынша жергілікті бюджеттен бөлінеді.     

Тегтер:
25 мамыр, 2015 - 12:38 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші