X
egov

You are here

Азаматтық кодекске енгізілген толықтырулар еңбекке жарамдылығын жоғалтқаны үшін өтемақы 2015 жылғы 10 мамырға дейін тағайындалған қазақстандықтарға таралмайды

Өндірісте еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан қазақстандықтар өтемақыны зейнеткерлік жасына дейін ғана алатыны көрсетілген ҚР Азаматтық кодексінің 944 бабының 1 тарауы өтемақысы 2015 жылғы 10 мамырға дейін, яғни «Сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы күшіне енгенге дейін тағайындалған қазақстандықтарға таралмайды.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 37 бабына сәйкес нормативтік құқықтық актілер олар күшіне енгенге дейін туындаған қатынастарға таралмайды. ҚР Азаматтық кодексінің 4 бабында азаматтық заңнама актілерінің кері күші болмайтыны және олар күшіне енгеннен кейін ғана туындаған қатынастарға таралатыны көрсетілген. 

Осыған орай, «Сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР Азаматтық кодексінің 944 бабына енгізілген өзгертулер («Еңбек міндеттемелерін орындау барысында зардап шеккендерге айырылған жалақысына қатысты зиян орнын өтеу еңбекке жарамдылығынан айырылу деңгейін анықтау кезеңінде, бірақ зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін жүзеге асырылады») олар күшіне енгеннен кейін туындаған құқықтық қатынастарға ғана қатысты қолданылады. Яғни, ҚР Азаматтық кодексінің аталған нормасы тиісті актімен расталған өндірістегі жазатайым оқиға 2015 жылғы 10 мамырдан кейін орын алған тұлғаларға қолданылады. Жұмыскердің өмірі мен денсаулығына зиянын тигізген әрбір оқиға құқықтық қатынастардың туындау барысын, яғни заңдық маңызы бар фактіні анықтай отырып, жеке қарастырылуы керек.    

Осылайша, зейнетақы жасына жеткен соң еңбекке жарамдылығынан айырылу оқиғасы бойынша денсаулыққа тиген зиянның орнын өтеу есебінен өтемақы төлеуді тоқтатуды қарастыратын заңнаманың жаңа нормасы ай сайынғы өтемақысын жоғарыда аталған Заң (2015 жылғы 10 мамырда) күшіне енгенге дейін алып келген азаматтарға таралмайды.    

Тегтер:
26 мамыр, 2015 - 10:30 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші