X
egov

You are here

Астанада сәулелік терапия бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр

Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Varian Medical Systems және Medpark B.V бірлесіп ұйымдастырған «Жоғары технологиялық сәулелік терапияның өзекті мәселелері» тақырыбында екі күндік халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.

Іс-шараға еліміздің барлық бейінді емдеу мекемелерінен сәулелік терапия саласының мамандары қатысуда. 

Конференция барысында АҚШ, Швейцария, Латвияның жоғары білікті сарапшылары баяндама жасайды. Сондай-ақ, жұмыс қондырғыларында дозиметриялық жоспарлау бойынша тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылып, түрлі оқшауларда орналасқан ісіктерді сәулелендіруді жоспарлаудың бірнеше клиникалық амалдары қарастырылады. Конференцияға шақырылған дәріскерлер жергілікті мамандармен тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісіп, нақты клиникалық мысалдарды талқылайды.        

Конференцияның басты мақсаты – мемлекет сатып алған сәулелік терапияның заманауи жоғары технологиялық қондырғыларын қолдануға республиканың медициналық мамандарын оқытып, үйрету.  

Астана, Алматы, Ақтөбе және Семейдің емдеу мекемелеріне сатып алынған жоғары технологиялық желілік үдеткіштер екі өлшемдіден үш өлшемді сәулелік терапияға көшуге, сауығып шығатын онкологиялық науқастар санын арттыруға және көптеген науқастардың өмір жасын ұзартуға мүмкіндік береді.     

Жоғары технологиялық желілік үдеткіштерді қолдану арқасында онкологиялық науқастар үшін ісіктің дәл ошағын барынша сәулелендіруге және айналасындағы басқа органдар мен тіндерге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік беретін заманауи емдеу тәсілдері қолжетімді болады. 

Еске сала кетейік, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 150 мыңнан астам қазақстандық (2013 жылы – 146 мың) онкологиялық есепте тұр. Мұндай науқастар санының артуына обыр дертіне шалдыққандарды ерте кезеңде анықтау себеп болуда. 17 мыңға жуық адам жыл сайын обырдан қайтыс болады.

Онкологиялық ауруларды ерте анықтау, олардың диагностикасы, емдеу және оңалту шаралары – 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі. 

27 мамыр, 2015 - 15:27 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші