Қазақстанда АИТВ/ЖИТС дертіне шалдыққан балалар қажетті дәрілермен толық қамтамасыз етілген | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда АИТВ/ЖИТС дертіне шалдыққан балалар қажетті дәрілермен толық қамтамасыз етілген

Қазақстанда, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында АИТВ/ЖИТС дертіне шалдыққан балалар қажетті дәрілермен толық қамтамасыз етілген. 

«СҚ-Фармация» ЖШС-нің сатып алу бойынша тендерлік шараларының қорытындылары шыққанға дейін медициналық ұйымдарды АИТВ/ЖИТС дертіне шалдыққан балаларды емдеуде қолданылатын «Алувия» препаратымен қамтамасыз ету республика өңірлері арасында қайта бөлу аясында толық көлемде іске асырылады. 

Айта кететін жайт, Қазақстанда АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын балалар тек түпнұсқалық дәрілік препараттармен қамтамасыз етіледі.     

АИТВ/ЖИТС дертіне шалдыққан науқастарды емдеу Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бекіткен хаттамалар негізінде жүзеге асырылады.  

Антиретровирустық препараттарды медициналық ұйымдар ұсынған қажеттілік негізінде бекітілген бағалар бойынша орталықтандырылған түрде бірегей дистрибьютор сатып алады. Және дәрілік препараттар бекітілген кестеге сәйкес жеткізіледі.           

Аталған мәселе ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және ЖИТС-пен күрес және профилактикасы жөніндегі республикалық орталықтың тұрақты бақылауында.

Тұрғындарды сапалы, тиімді, қауіпсіз дәрілік заттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде олардың қолжетімділігін арттыру - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің басты міндеттерінің бірі. Барлық мұқтаж азаматтарды тегін дәрілік препараттармен толық қамтамасыз ету үшін жыл сайын бұл мақсатқа арналған қаржыландыру көлемі артып келеді. 

Қазақстанда өмірге қауіп төндіретін және әлеуметтік маңызды, оның ішінде АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастар дәрілік заттармен тегін қамтамасыз етіледі. 

Тегтер:
27 мамыр, 2015 - 18:58 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші