Тәуелсіздіктің 24 жылы ішінде 1 млн. жуық этникалық қазақ тарихи Отанына оралды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Тәуелсіздіктің 24 жылы ішінде 1 млн. жуық этникалық қазақ тарихи Отанына оралды

1991 жылдан бері 259 539 отбасы немесе 953 908 этникалық қазақ тарихи Отанына оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл елдегі тұрғындардың жалпы санының 5,5% құрайды.  

Оралмандардың көпшілігі - 61,5% Өзбекстаннан, 14,3% - Қытайдан, 9,3% - Моңғолиядан, 6,8% - Түркіменстаннан, 4,6% - Ресейден, 3,5% - өзге елдерден келгендер.

Оралмандардың көпшілігі - 21,2% Оңтүстік Қазақстан облысына, 16,3% - Алматы облысына, 13% - Маңғыстау облысына, 9,4% - Жамбыл облысына, 40,1% - өзге өңірлерге орналасты.     

Елге келгендердің жалпы санының 55,6% - еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар, 39,9 % - 18 жасқа дейінгі балалар, 4,5 % - зейнеткерлер құрайды.  

Еңбекке қабілетті жастағы оралмандардың көпшілігі (60,8%) жалпы орта білім, 20,5% - арнаулы орта білім, 8,7% - жоғары білім алса, білімі жоқ оралмандар саны - 9,9%.

2015 жылғы 1 тоқсанда елімізге 380 отбасы немесе 1026 этникалық қазақ келіп, оралман мәртебесіне ие болды.

Жаңадан келгендердің көпшілігі Қостанай облысына (233 адам), Жамбыл облысына (199 адам), Оңтүстік Қазақстан облысына (124 адам), Маңғыстау облысына (159 адам), Ақмола облысына (68 адам), Қарағанды облысына (54 адам) және өзге де өңірлерге орналасты. 

Еске сала кетейік, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 783 Қаулысына сәйкес оралмандарды орналастыратын өңірлер анықталды, ол тізімге Астана және Алматы қалалары кірмейді.   

Оралман мәртебесін алғандар «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңында қарастырылған барлық әлеуметтік жеңілдіктерді пайдалана алады.  

Бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету үшін Ақтау, Қарағанды және Шымкент қалаларында, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылында оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызмет етеді. Орталықтарда іске асырылатын бейімдеу бағдарламалары құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру, мемлекеттік тілді және қалауларына қарай орыс тілін оқыту, кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру сияқты қызметтер көрсетеді. 

28 мамыр, 2015 - 15:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші