X
egov

You are here

Алматыда баламалы қызметті дамыту және ментальдық денсаулығында ауытқушылықтар бар азаматтарды әлеуметтік ықпалдастыру мәселелері талқыланды

Бүгін Алматыда «Сорос-Қазақстан» қорының қаржылай қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесіп, «Аман-саулық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстанда баламалы қызметті дамыту және ментальдық (психикалық) денсаулығында ауытқушылықтар бар азаматтарды әлеуметтік ықпалдастыру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдау болып өтті. 

Іс-шараға Алматы қаласы әкімдігінің, денсаулық сақтау және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру және жұмыспен қамту басқармаларының өкілдері, мәслихат депутаттары, білім беру мекемелерінің, интернаттардың жетекшілері, педагогтар, психологтар мен психиатрлар, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, құқық қорғаушы ұйымдардың өкілдері, емделіп жатқан пациенттердің туыстары қатысты.     

Бүкіл әлемде ментальдық ауытқушылығы бар адамдарды әлеуметтік ықпалдастыру өте өзекті мәселе. Психикалық ауытқушылығы бар адамдарды алалау және бөлектеу психикалық - денсаулықты сақтау саласындағы барынша маңызды проблема. Ондай көріністермен күрес - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) және Бүкіләлемдік психиатриалық қауымдастықтың басым бағыттарының бірі.  

«Мұндай адамдар қоғамнан ажырап қалған жоқ. Халықаралық тәжірибе  тиісті жағдайлар жасалған жағдайда олар өз әлеуеттерін іске асырып, өмірлік жағдайларды еңсере алатынын, сондай-ақ, қоғам өміріне өз үлесін қоса алатындарын дәлелдеді»,-дейді «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова. 

Мүгедектердің құқықтары жөніндегі конвенцияны ратификациялағаннан кейін Қазақстанның алдында арнаулы қызметтер көрсетудің ұлттық стандарттарын халықаралық нормаларға сәйкестендіру міндеті тұр. Яғни, Қазақстан үшін ментальдық ауытқушылықтары бар адамдар үшін ұйымдардың қандай баламалы түрлері қолайлы, оларда қандай ең төменгі шарттар сақталуы тиіс, қайта құрылған және қазір жұмыс істеп тұрған шағын құрамды ұйымдарды аккредиттеу үшін қандай стандарттар қажет екенін анықтау маңызды.      

Қоғамдық тыңдауға қатысушылар баламалы қызметті дамыту және ментальдық денсаулығында ауытқушылықтар бар азаматтарды әлеуметтік ықпалдастырудың перспективаларын талқылап, бағаларын берді.

 

Тегтер:
29 мамыр, 2015 - 12:34 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші