1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні аясында қазақстандық дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңестер береді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні аясында қазақстандық дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңестер береді

2015 жылғы 1 маусымда Қазақстанның барлық өңірлерінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарында ашық есік күндері ұйымдастырылып, неонатолог, педиатр, невропатолог және басқа да бейінді мамандар азаматтарға тегін кеңестер береді.    

Аталған іс-шаралар биыл «Балалардың денсаулығы мен бақыты – біздің қолымызда» ұранымен өтетін Халықаралық балалар қорғау күніне арналады.  

Сонымен қатар, республика өңірлерінде жасөспірімдердің денсаулығын сақтау және нығайту, репродуктивтік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, дебаттар және семинар-тренингтер өтеді. МСАК ұйымдарында «Нәрестелі боламын» және «Жарық дүние ғажайыбы - қуанышыммен бөлісіңіз» тақырыбында болашақ аналарға арналған фотобайқаулар өткізу жоспарланған.   

Халықаралық балаларды қорғау күні – адамгершілікті және әділетті қоғам қалыптастыру үшін қажетті шаралар ретінде балалардың өмірге, пікір еркіндігіне, дінге, білім алуға, демалысқа және бос уақытқа деген құқықтарын сақтау, дене және психологиялық зорлықтан, балалар еңбегін пайдаланудан қорғау қажеттігі туралы үлкендердің есіне салу боп табылады.

Еске сала кетейік, Балаларды қорғау күні – ертеден келе жатқан халықаралық мерекелердің бірі. Ол 1950 жылдан бері жаздың алғашқы күні атап өтіледі.      

29 мамыр, 2015 - 18:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші