Қазақстанда өткір ішек инфекцияларының профилактикасы бойынша онкүндік басталды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда өткір ішек инфекцияларының профилактикасы бойынша онкүндік басталды

Ағымдағы жылғы 1-10 маусым аралығында ҚР ДСӘДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен өткір ішек инфекцияларының профилактикасы бойынша онкүндік өтеді.      

Аталған іс-шара мақсаты - өткір ішек инфекциясының таралу жолдары, инфекция жұғуының алдын алу жөніндегі шаралар, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау, балалар мен жасөспірімдерді жеке гигиенаны сақтауға дағдыландыру, тұрғындардың, жұмыс берушілердің, жұмыскерлердің және ата-аналардың денсаулық сақтау және нығайтуда жауапкершілігін арттыру жөнінде халықтың ақпараттылық деңгейін арттыру.

Онкүндік аясында еліміздің барлық өңірлерінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында өткір ішек инфекцияларының алдын алу жөнінде терапевтердің, жалпы тәжірибе дәрігерлерінің, педиатрлар кеңес беретін ашық есік күндері ұйымдастырылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) «Салауатты жұмыс орындары», «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін ауруханалар», «Салауатты университеттер» жобалары шеңберінде мектепке дейінгі балаларға арналған ұйымдардың, лагерьлердің, балалар үйлерінің, интернаттардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың қызметкерлері үшін оқыту семинарлары мен тренингтер өтеді.

Өткір ішек инфекциялары – асқазан-ішек жолдарын улап, зақым келтіретін аурулар тобы. Сілекейі және асқазан сөлі әлсіз бактерицидтік қасиетке ие болғандықтан, бұл дертке көбінесе балалар жиі шалдығады.     

Антисанитариялық жағдайлар, жеке гигиена ережелерін сақтамау, дұрыс сақталмаған немесе даярланбаған зарарлы азық-түлікті тұтыну ішек инфекцияларының жұғуына әсер етеді.

Өткір ішек инфекциясымен ауыру еңбекке қабілеттілікті жоғалтуға, ұзақ емделуге және оңалтуға әкеп соғады. Өзін-өзі емдеу, медицина қызметкеріне дер кезінде жүгінбеу аурудың асқынуына әкеледі.

ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметі бойынша 2014 жылы өткір ішек инфекциялары түрлерінің 13170 оқиғасы ( 2013 жылы – 14722 оқиға) тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 9780 оқиға (2013 жылы – 10833 оқиға). Сальмонеллёз инфекциясы мен ауыз арқылы жұғатын вирустық энтериттің төмендегені байқалады.

 

1 маусым, 2015 - 12:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші