Астанада «ESOR Astana Tutorial 2015» ІІ Радиологтардың еуропалық мектебі өз жұмысын бастады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Астанада «ESOR Astana Tutorial 2015» ІІ Радиологтардың еуропалық мектебі өз жұмысын бастады

2015 жылғы 1-12 маусым аралығында Радиологтардың еуропалық қоғамының бастамасымен «ESOR Astana Tutorial 2015» ІІ Радиологтардың еуропалық мектебі ұйымдастырылады.

Радиологтардың еуропалық мектебінің мақсаты - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның жас радиолог мамандарын радиологиялық диагностиканың халықаралық стандарттарымен жұмыс істеуге үйрету.

Екі апта ішінде «ESOR Astana Tutorial 2015» қатысушылары Италия, Грекия, Бельгия, Ресей және Қазақстанның радиология саласының белгілі мамандарының дәрістерін тыңдайды. Дәріскерлердің ішінде Радиологтардың еуропалық қоғамының экс-президенті, профессор Lorenzo Bonomo, Радиологтардың еуропалық мектебінің директоры, профессор Nicholas Gourtsoyiannis және т.б. бар.   

 Ғылыми-техникалық үрдісі барынша жоғары деңгейдегі елдерден келген мамандармен тәжірибе алмасу Орталық Азия елдерінің радиологиялық емдеу-диагностикалық қызметін дамытуға ықпал етеді. 

Шара қорытындысында «ESOR Astana Tutorial 2015» қатысушыларға Радиологтардың еуропалық мектебінің сертификаты табыс етіледі.   

1 маусым, 2015 - 15:53 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші