X
egov

You are here

Алматыда Қазақстан терапевтерінің IV съезі және кардиологтарының VII конгрессі өз жұмысын бастады

Бүгін Алматыда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, ҚР ДСӘДМ Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының, ҚР Терапевтері мен кардиологтары қауымдастығының ұйымдастыруымен «Халық денсаулығы – Қазақстанның табысты дамуының кепілі» тақырыбында Қазақстан терапевтерінің IV съезі және кардиологтарының VII конгресі өз жұмысын бастады.

Іс-шараға Түркі әлемі кардиологтары қауымдастығының президенті Омер Козан, Ұлыбритания, Италия, Франция, Германия, Жапония, Австрия, Португалия, Сербия, Словакия, Румыния, Болгария, Литва, Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан және Өзбекстанның жетекші ғалымдары, сондай-ақ, өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының жетекшілері, кардиологтар мен терапевтер қатысуда.   

Маусымның 2-5 аралығында съезд және конгресс аясында терапевтік және кардиологиялық қызметтерді ұйымдастыру, терапевтік және жүрек қан тамырлары ауруларын диагностикалау мен емдеудегі жаңа медициналық технологиялар мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары деңгейінде емдеу-диагностикалық көмек көрсету, кардиологиялық және терапевтік ауруларды оңалту және алдын алу, зертханалық және функционалдық диагностикадағы инновациялар жайы қаралады.               

2 маусымда ішкі медицина және интервенциялық кардиология мәселелері бойынша шеберлік сабақтары өтеді.  

3 маусымда сателиттік симпозиумда Кардиологтардың еуропалық қоғамының мүшелері Вера Регитс Загрочек, Жоа Моралис, Джулио Стефанини баяндама жасайды.

Іс-шара қорытындысында Қазақстандағы терапевтік және кардиологиялық қызметтерді жетілдіру жолдары анықталатын қарар қабылданады.   

Айта кету керек, Қазақстанда ішкі медицина және жүрек қан тамырлары ауруларын диагностикалау мен емдеудің ең озық әдістері енгізілген. Интервенциялық кардиология табысты дамуда. Отандық кардиологтар жыл өткен сайын күрделі оталарды көптеп жасауда. 

Еліміздің терапевтік қызметін дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы әзірленді. Бұл негізгі терапевтік патологиялардың профилактикасы, дитагностикасы, емдеу және оңалтуға ұлттық деңгейде мультидисциплинарлық тәсілдеме қалыптастырудың көрініс боп табылады.  

2 маусым, 2015 - 16:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші