Қазақстанда нашақорлықпен күрес жөнінде айлық басталды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда нашақорлықпен күрес жөнінде айлық басталды

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгін республикада «Сенің өмірің. Сенің қоғамың. Есірткіге орын жоқ!» ұранымен Халықаралық нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес күніне арналған айлық басталды. 

Айлық барысында Қазақстанның барлық өңірлерінде психоактивті заттарды пайдаланудың профилактикасы жөнінде дөңгелек үстелдер, дебаттар мен пікірталастар ұйымдастырылып, оларға атақты актерлер, спортшылар мен әншілер қатысады. Халық көп жиналатын орындарда танымал адамдар мен ардагерлердің қатысуымен флэш-моб шараларын өткізу жоспарланған. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында, наркодиспансерлерде, жастардың денсаулық мектептерінде және темекі қарсы орталықтарда ашық есік күндері ұйымдастырылып, азаматтарға психологтар, наркологтар және әлеуметтік қызметкерлер тегін кеңестер береді.      

Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткіні бақылау жөнінджегі комитетінің 2014 жылғы баяндамасында есірткі тұтынушылардың жалпы саны әлем халқының өсіміне сай артып келе жатқаны айтылған. Ине арқылы есірткі пайдалатын тұлғалардың жартысынан астамы С гепатитін жұқтырған деген жорамал бар.  

«Алкоголь және есірткіге мониторинг орталығы» қоғамдық қоры жариялаған 2014 жылға арналған Қазақстандағы нашақорлық туралы ұлттық есепке сәйкес, республикадағы есірткі тұтынушылардың негізгі бөлігі ішкі инъекцияларға тиесілі.   

Есірткі пайдаланудың алдын алу және олардың заңсыз айналамына қарсы күрес – республикада мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі.

Психоактивті заттардың денсаулыққа тигізетін орасан зияны туралы халықты ақпараттандыру деңгейін арттыру бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар және жастар мен жасөсіпірімдерге қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдайлар жасауға қоғам назарын аудару денсаулыққа деген жауапты көзқарасты, сондай-ақ, психоактивті заттарды тұтынудан бас тарту машықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.    

Тегтер:
2 маусым, 2015 - 17:12 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші