Алыс және жақын шетелдердің жетекші мамандары астаналық дәрігерлерге шеберлік сабақтарын өткізді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Алыс және жақын шетелдердің жетекші мамандары астаналық дәрігерлерге шеберлік сабақтарын өткізді

2015 жылғы 18-31 мамыр аралығында Астананың №1 қалалық ауруханасы базасында Литваның Вильнюс университетінің Сантариш клиникасының мамандары реабилитолог, кинезитерапевт, эрготерапевт, логопед сияқты мамандарға шеберлік сабақтарын өткізді.    

         Іс-шара мақсаты – инсульт және көп жарақат алған науқастарды оңалтуда инновациялық тәсілдер енгізу.

  Оқу-клиникалық орталық базасында мамырдың 19-21 аралығында Сент-Луис (Миссури, АҚШ) университетінің ортопедиялық хирургия департаментінің профессоры Жолдас Құлжановтың қатысуымен травматолог, жедел жәрдем және қабылдау бөлімдерінің дәрігерлеріне арнап «Тіркес жарақаттар кезінде медициналық көмек көрсетудің заманауи стандарттары» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.

         Оқу барысында астаналық дәрігерлер дәрістер тыңдап, алған білімдерін тәжірибелік сабақтарда бекітуге мүмкіндік алды.

20-25 мамыр аралығында №2 қалалық аурухана базасында И.Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медицина университетінің балалар анестезиологиясы және қарқынды терапия бөлімінің профессоры, симуляция бойынша халықаралық топтың (GISP) үйлестірушісі, д-р Уго Лоайс Левано және Григорий Мораньон (Мадрид, Испания) госпиталінің педиатрия және қарқынды терапия бөлімінің мамандары «Қарқынды терапия, жедел көмек және қабылдау бөлімдерінің мейіргерлеріне арналған мейіргер ісі бойынша симуляциялық курс» шеберлік-сабағын өткізді.  

  Оқыту шаралары медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған. Теориялық әзірліктен басқа шеберлік сабақтары барысында Астана қаласының балалар стационарларының мейіргерлері арнаулы манекендерде клиникалық оқиғаларды ұқсата отырып, түрлі медициналық амалдарды пысықтады. 

Курс соңында қатысушыларға сертификаттар берілді. 

3 маусым, 2015 - 16:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші