X
egov

You are here

Қазақстанда 2015 жылғы І тоқсанда санитарлық авиация 473 ұшырылым жасады

Медициналық қызметтер көрсету мақсатында Республикалық санитарлық авиация орталығы 2015 жылғы І тоқсанда 473 ұшырылым жасады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ұшырылымдар саны 82-ге немесе 17% артты.     

Барлығы 602 медициналық қызмет көрсетіліп, оның ішінде 445 науқас тасымалданып, 130 кеңес берілді және 27 ота жасалды.  

Тасымалданған науқастардың 62% облыстық және қалалық медициналық ұйымдарға, 38% Астана мен Алматы қалаларында орналасқан республикалық емдеу орталықтарына жеткізілді.

3 науқас шетелдерден елге әкелінді.

Санитарлық авиацияның мобильдік бригадалары балалар жасындағы патология, жарақаттанушылық, қайғылы оқиғалар және уланулар, қан айналымы жүйесі аурулары, жаңа туған нәрестелердің патологиялары және өзге де аурулар бойынша медициналық көмек көрсетті. 

Сонымен қатар, осы кезеңде 4 мәрте донорлық органдар тасымалданды. 

 

4 маусым, 2015 - 16:15 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші