Жыл басынан бері қазақстандықтарға 77,1 млрд. теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы берілді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 77,1 млрд. теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы берілді

2015 жылғы қаңтар-мамыр айларында республикалық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу үшін 74,3 млрд. теңге, мемлекеттік арнайы жәрдемақы төлеу үшін 2,8 млрд. теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны 493,9 мың адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 182 мың адам, жасы бойынша 5,2 мың адам алады.

Осы кезеңде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орта мөлшері мүгедектігі бойынша 22 903 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 20 211 теңгені, жасы бойынша 11 110 теңгені құрады.

Одан басқа, бүгінгі күні республикада №1 және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыны 30,4 мың адам алады.

 Жыл басынан бері №1 және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы мөлшері артып, сәйкесінше 18 671 және 16 610 теңгені құрады.

9 маусым, 2015 - 12:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші