X
egov

You are here

Оралда есірткі тұтынушыларды емдеуді қолдау мәселелері талқыланды

Бүгін Оралда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және БҰҰ-ның Нашақорлық және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен «Аман-саулық» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Қазақстан Республикасында есірткінің орнын басу терапиясын дамыту перспективалары» тақырыбында қоғамдық тыңдау болып өтті.  

Іс-шараға денсаулық сақтау басқармаларының, облыстық ЖИТС орталықтарының, наркологиялық диспансерлердің, құқық қорғау органдарының жетекшілері, мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, есірткіге тәуелді науқастар және олардың туыстары қатысты.

Қоғамдық тыңдауға қатысушылар орнын басу терапиясының артықшылықтары мен кемшіліктерін, сондай-ақ, оны Қазақстанда дамыту перспективалары жөнінде талқылады.

Есірткінің орнын басу терапиясы – тәуекел топтары арасында АИТВ/ЖИТС таралу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін нашақорлықты емдеудегі инновациялық әдіс. Бүгінгі таңда орнын басу терапиясы әлемнің 71 елінде қолданылады, ал Еуропа Одағы елдерінде 600 мыңнан астам науқас осы емді алады.  

«Зиянды азайту» амалы адамның есірткіден толық бас тартуына көмектесудің маңызын жоққа шығармайды, дегенмен көптеген нашақорлар үшін ол мақсатқа жету тым ұзаққа созылып кететінін және вирустар, бірінші кезекте АИТВ және гепатиттің таралу, сондай-ақ өзге аурулардың асқыну тәуекелі өте жоғары екенін мойындайды»,-деді «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова.   

2008 жылы Қазақстанда метадонды пайдалану арқылы орнын басу терапиясының пилоттық жобалары басталып, 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде орнын басу терапиясы бағдарламасы пилоттық режімде ауқымын кеңейтіп, еліміздің 10 қаласын қамтыды. 

Тегтер:
10 маусым, 2015 - 14:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші