X
egov

You are here

Қазақстанда алдағы жылдары еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар санының өсімі төмендейді

Республика тұрғындарының болжалды санына сәйкес 2018 жылға дейінгі кезеңде еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар санының өсімі алдыңғы жылдарға қарағанда едәуір төмен болады. ҚР ДСӘДМ «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-сараптама орталығы» АҚ мамандары осындай қорытындыға келді.  

Басты себеп ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда 1990-жылдары болған демографиялық құлдырау болып отыр. Ол кезде экономикада орын алған дағдарыстық көріністер 21 ғасырдың басына дейін туу көрсеткіштеріне кері әсерін тигізді.    

Сарапшылар соңғы жылдары еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар санының өсімі біртіндеп төмендеп келе жатқанын айтады. Мысалы, ағымдағы жылы өсім 0,2% құраса, келесі жылы - 0,14%, 2017 жылы - 0,08%, ал 2018 жылы ең төмен көрсеткіш - 0,03% құрайды.  

Аталған үрдістердің негізгі себептері:

- 16-24 жас аралығындағы жастар санының ағымдағы жылғы 2,4 млн.-нан 2018-2021 жылдары 2,1 млн.-ға дейін азаюы. Болжамға сай, жастардың саны бойынша 2015 жылғы деңгейге тек 2025 жылы жетеді. 

-  Зейнеткерлік жастағы тұрғындар саны биыл 1,6 млн.-нан болса, 2018 жылы 2.1 млн.-ға жетеді.  

Сарапшылардың болжамынша, болашақта зейнеткерлік жастағы азаматтар саны (зейнеткерлікке шығатын қазіргі жасты есепке алғанда) арта түсіп, Қазақстан тұрғындарының жиынтық саны қазіргі 10,6%-дан 2030 жылы 14% және 2050 жылы 15,6% жетеді.

Яғни, алдағы жылдары республика экономикасының дамуын есепке ала отырып, жұмыс берушілер жаңа жұмыскерлерді жалдауда проблемаға тап болуы мүмкін. Екінші жағынан, жұмыссыздық деңгейі әрі қарай төмендеуі тиіс. Ресми мәлімет бойынша, 2014 жылы жұмыссыздар саны 451 мың адамды құрады, оның ішінде 26% ешқандай жұмыс таба алмағандарын айтқан.    

11 маусым, 2015 - 18:19 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші