Қазақстанда ақысыз қан донорлығы саласында тұрақты өсім байқалады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстанда ақысыз қан донорлығы саласында тұрақты өсім байқалады

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Республикада қан донорлығын дамыту – жалпы мемлекеттік міндет» тақырыбында өткен брифингте ҚР ДСӘДМ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының трансфузиолог дәрігері Зәуреш Әлменова мәлімдеді. 

Брифингте Қазақстанда ақысыз ерікті донорлықты дамыту мәселелеріне үлкен көңіл бөлінді.  

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ұсынысына сәйкес, ерікті ақысыз донор «алтын стандарт» боп табылады, ал қаржылай немесе өзге де мүддесі бар донорлар әлеуетті қауіпті санатқа жатады. Ерікті донорлық - қанмен қамтамасыз етудің тұрақты және қауіпсіз базасы. Ақысыз донорлық жүйесі болмаса, әлемнің бірде-бір елі қан құюға мұқтаж науқастарды қанның қажетті көлемімен қамтамасыз ете алмайды.   

ҚР ДСӘДМ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының трансфузиолог дәрігері Зәуреш Әлменова брифингте Қазақстанда соңғы жылдары ақысыз қан донорлығы саласында тұрақты өсімі байқалатынын айтты. Бір жылда республиканың қан қызметі 200 мың литр қан даярлап, 300 мыңдай донация жасайды.    

Қазіргі уақытта ҚР ДСӘДМ донорлықты дамытудың ұлттық стратегиясын әзірлеуде. Ол еліміздегі ақысыз ерікті қан донорлығын халықаралық стандарттар деңгейіне жеткізуді мақсат етеді.   

ДДҰ Қазақстандағы өкілі Мелита Вуйнович Қазақстанда донорлыққа қатысты жағдайды жақсарту бағытында үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын атап көрсетті. Бір жағынан қан қызметін қайта жасақтау, трансфузиялық терапияның қауіпсіздігі мақсатында қан компоненттерін даярлау технологияларын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылса, екінші жағынан ақысыз ерікті донорлықты дамыту бойынша тұрғындармен жұмыстар жүргізілуде. 

Өз кезегінде Халықаралық трансфузиологтар қоғамының Шығыс Еуропа және ТМД елдері бойынша жетекшісі Евгений Жибурт ДДҰ және Халықаралық трансфузиологтар қоғамы қабылдаған «Донорлық этикасы және қан құю туралы кодекс» туралы әңгімеледі. 

«Кодексте донорлықтың басты уәждемесі жақын адамдарға көмектесу екені жазылған. Халықаралық қоғамдастық тек ақысыз донорлықты дамытуды қолдайды»,-деді ол.

Брифингте ақысыз ерікті донорлықты дамыту мәселесінде үкіметтік емес сектордың рөлін арттыру қажеттігі айтылды. Қазақстанда 2011 жылы алғаш рет ақысыз ерікті қан донорлығын насихаттау жобаларын іске асыру үшін үкіметтік емес ұйымдарға қаражат бөлінді. 2013 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік тапсырысы аясында «Капля жизни» қоғамдық бірлестігі «Қазақстанда ақысыз ерікті қан және гемопоэтикалық дің жасушылары донорлығын дамыту» жобасын іске асырды. Жоба шеңберінде 17 қан орталығында ерікті ақысыз донорлық мектептері ашылды. Олардың жұмысы тұрғындар арасында ақысыз ерікті қан және гемопоэтикалық дің жасушылары донорлығын насихаттауға бағытталған.     

Сонымен қатар, брифингке «Алқалы Кеңес» корпоративтік қорының жетекшісі қатысты. Бұл қор шектес қызметтермен, оның ішінде халықаралық деңгейде ынтымақтастық және тәжірибе алмасу жолымен Қазақстанда трансфузиология саласын қолдау және дамыту мақсатында құрылды. 

Еске сала кетейік, 14 маусымда әлемнің көптеген елдерінде Дүниежүзілік қан доноры күні атап өтіледі. Бұл күні республика бойынша тұрғындар арасында ақысыз донорлықты дамытуды насихаттайтын түрлі кең ауқымды іс-шаралар өткізілді.  

15 маусым, 2015 - 14:51 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші