X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ «Кәсібінің үздігі» республикалық байқауының қорытындысын шығарды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мамандары жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Медицина қызметкерлері күні аясында «Кәсібінің үздігі» республикалық байқауының қорытындысын шығарды. 

            Байқауға өз аталымдары бойынша өңірлік байқаулардың жеңімпаздары болған Қазақстанның барлық өңірлерінің медицина қызметкерлері қатысты. Жеңімпаздарды ҚР ДСӘДМ, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы, медициналық ұйымдар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құралған арнаулы комиссиялар анықтады.

            Байқау барысында әрбір қатысушы өзінің кәсіби қызметі жөнінде есебін ұсынып, таныстырылым жасады. Жеңімпаздарды анықтау барысында олардың біліктілік деңгейі, жұмыс өтілдері, салаға қосқан жеке үлесі есепке алынды.

            Әр аталым бойынша бірінші орын алған жеңімпаздар:

            «Үздік дәрігер» - Павлодар облыстық балалар ауруханасының травматологы Бақытбек Текіманов;

            «Үздік ауыл дәрігері» - БҚО Зеленов орталық аудандық ауруханасының жалпы тәжірибе дәрігері Қарлығаш Асқарова;

            «Үздік менеджер - денсаулық сақтау ұйымдастырушысы» - Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Әнуар Аманов;

            «Үздік мейіргер» - Қостанай қалалық балалар ауруханасының жансақтау және қарқынды терапия бөлімінің мейіргері Оксана Ткаленко;

«Үздік фельдшер» - Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем қызметінің бас фельдшері Қанат Құрманов;

«Үздік денсаулық сақтау саласының тәуелсіз сарапшысы» - Ақмола облыстық ауруханасының операциялық блогының меңгерушісі Асқар Рашитов;

«Үздік ЖОО оқытушысы» - Семей қаласының Медициналық мемлекеттік университетінің ішкі аурулар кафедрасының доценті Людмила Пивина;

«Үздік колледж оқытушысы» - Республикалық медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау колледжінің ғылыми әдістемелік орталығының оқытушысы Светлана Сахишева;  

«Үздік түлек» - Астана медицина университетінің түлегі Анастасия Роговая;

«Үздік ғалым» - Қарағанды медициналық университетінің ғылыми-зерттеу орталығының директоры Илья Әзизов;

 «Үздік санитар дәрігер» - Лаура Насырова;

«Үздік провизор» - «Жаңамед-ПВ» фармацевтикалық компаниясының директоры Евгений Больгер.

«Мейірім» аталымында КСРО және Қазақ КСР құрметті доноры, қан донациясы саны жағынан әлемде 2 орынды алатын Александр Скаковский жеңімпаз боп танылды.   

Байқауда үздік шыққандар 19 маусымда Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шарада марапатталады.  

26 маусым, 2015 - 13:19 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші