2015 жылдың басынан бері 36 мыңнан астам шетел азаматына Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

2015 жылдың басынан бері 36 мыңнан астам шетел азаматына Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді

2015 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға 36 864 рұқсат берілді.

Олардың ішінде 2038-і бірінші санат (жетекшілер мен олардың орынбасарлары), 6411 – екінші санат (құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері) бойынша берілген. ШЖК тартуға рұқсаттың басым көпшілігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттар бойынша беріліп, тиісінше олар 15 122 және 11 534 адамды құрады. Маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстарына 1759 шетел азаматы тартылған.    

         Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1466 жұмыс беруші бар. Оларда 398 374 Қазақстан азаматы еңбек етеді, яғни жалпы жұмыскерлері санының 92,2% құрайды. 

         Еңбек мигранттары шығатын негізгі елдер - Қытай, Түркия, Өзбекстан, Сербия және Үндістан.

         Ағымдағы жылдың басынан бері ШЖК тартатын жұмыс берушілер қазақстандықтар үшін 11 083 жұмыс орнын ашып, 3279 азамат кәсіби даярлықтан және қайта даярлаудан өтті, 5298 жергілікті жұмысшы біліктілігін арттырды. 

         Еске сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Үкіметі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілеп отырады.

         2015 жылы ШЖК тартуға бекітілген квота көлемі республиканың экономикалық белсенді тұрғындарының жалпы санының 0,7% (шамамен 63,9 мың адам) құрады.   

Тегтер:
18 маусым, 2015 - 15:37 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші