Алыс және жақын шетелдерден келген жетекші мамандар қазақстандық дәрігерлерге онкогематология бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Алыс және жақын шетелдерден келген жетекші мамандар қазақстандық дәрігерлерге онкогематология бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді

Бүгін Алматыда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мен «Қазақстанның педиатрлар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Онкологиялық, гематологиялық және сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларды емдеу, оңалту және әлеуметтік қолдаудың заманауи технологиялары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.

         Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Украина, Германия және Венгрияның жетекші ғалымдары, дәрігерлері және денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушылары қатысуда.

         Конференция барысында балалар жасындағы онкологиялық, гематологиялық және сирек кездесетін ауруларды ерте диагностикалау, емдеу және оңалтудың өзекті мәселелері талқыланып, сондай-ақ, Еуропадан келген жетекші ғлымдардың қатысуымен онкологиялық, гематологиялық және сирек кездесетін аурулар мәселелері жөнінде шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланған. 

         Сонымен қатар, 19 маусымда Германия, Ресей, Беларусь және Венгрияның ата-аналар қоғамдарының, Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының және онкологиялық, гематологиялық және орфанды ауруларға шалдыққан балалардың ата-аналарының қатысуымен дөңгелек үстел мәжілісі өткізіледі.

         Еске сала кетейік, Қазақстанда 20 жыл бұрын жоғары дозалық полихимиотерапия әдісі енгізілгеннен кейін өткір және созылмалы лейкоз, апластикалық қаназдық, гистиоцитоз және т.б. күрделі ауруларды емдеуде оң нәтижелерге қол жеткізіліп, әлемдік көрсеткіштерге жақындады. Неміс мамандарымен бірлесе атқарылған жұмыстың нәтижесінде Қазақстанға арнап еуропалық бағдарламалар негізінде балалар арасындағы онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи клиникалық хаттамалары әзірленіп, бейімделді. Жыл сайын шетелдік мамандардың қатысуымен түрлі аурулар бойынша қазақстандық дәрігерлерге арналған шеберлік сабақтары өткізіледі. 

Қазіргі уақытта республикалық бюджет қаражаты есебінен сирек кездесетін, тұқым қуалайтын аурулары анықталған балаларды ферментті-алмастырушы терапиямен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінен республикалық мекемелерге дейін орфанды ауоруларды диагносткалау мен емдеу алгоритмдері жасалды. 

2012 жылдан бері Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында гемопоэтикалық дің жасушаларын транспланттауға арналған балалар бөлімі жұмыс істеуде. Осы инновацияны енгізу нәтижесінде науқастардың кейбір санаттарын шетелдерге емдеуге жіберу қажеттігі жойылды. 

Онкологиялық, гематологиялық және сирек кездесетін ауруларды емдеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін жан-жақты психологиялық-әлеуметтік қолдау қажет. Бұл бағытта ата-аналармен, науқастармен, сондай-ақ, медициналық қызметкрелермен тренингтер өткізілуде. Қазір химиотерапияның алғашқы курсынан бастап ата-аналар балаларымен бірге республикалық санаторий типті «Бурабай» және «Алатау» оңалту орталықтарында кешенді оңалту шараларынан өте алады.   

18 маусым, 2015 - 15:45 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші