X
egov

You are here

Астанада медициналық қызметкерлер арасында өткізілген «Кәсібінің үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты жиын болды. Шара аясында 12 аталым бойынша өткізілген «Кәсібінің үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Медициналық қоғамдастық алдында атақты қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. 

Салтанатты жиынға ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Парламенті депутаттары, көрнекті қоғам қайраткерлері және еліміздің медицина қоғамдастығы өкілдері (1300-ден астам адам) қатысты.

Еліміздің медициналық қоғамдастығын кәсіби мерекемен құттықтаған Министр дәрігерлердің болашақ ұрпақтың және жалпы ұлт денсаулығын сақтауға бағытталған еңбегі тек алғыс пен құрметке лайық екенін атап көрсетті.

Елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы ретінде денсулық сақтау саласына қазіргі заманда ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда пациенттерге қолжетімді диагностика мен емдеудің жаңа және бірегей технологиялары дамуда. Замануи клиникалар бой көтеруде. Медициналық білім мен ғылым жаңғыртылуда. Дәрігерлердің жалақысы біртіндеп артуда.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру биыл аяқталады. Аталған бағдарлама аясында өңірлерді қаржыландырудағы теңсіздік жойылып, жоғары мамандандырылған медициналық көмек трансферті іске асырылды, халықтың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштері жақсара түсті.       

ҚР ДСӘДМ 2016-2020 жылдарға арналған денсулық сақтауды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге кірісті. Оның басым бағыттарының бірі елдің бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы мен қағидаларын анықтаушы ретінде медициналық санитариялық алғашқы көмек буынын дамыту болады. Сондай-ақ, медициналық білімді жетілдіру негізінде кадрлық әлеуетін дамыту, жалпы тәжірибе дәрігерлерін даярлау қажеттігін ескере отырып, тәжірибелік базаларын нығайту, оқу жоспарларын және бағдарламаларын өзгерту қарастырылған. Тағы бір маңызды бағыт – профилактика, аурулардың алдын алу, ерте анықтау және емдеуді медициналдық көмектің бірегей үрдісі ретінде қарастыратын ауруларды басқару жүйесін енгізу боп табылады.    

Салтанатты жиында 12 аталым бойынша «Кәсібінің үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды: 

 «Үздік дәрігер» - Павлодар облыстық балалар ауруханасының травматологы Бақытбек Текіманов;

 «Үздік ауыл дәрігері» - БҚО Зеленов орталық аудандық ауруханасының жалпы тәжірибе дәрігері Қарлығаш Асқарова;

 «Үздік менеджер - денсаулық сақтау ұйымдастырушысы» - Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Әнуар Аманов;

 «Үздік мейіргер» - Қостанай қалалық балалар ауруханасының жансақтау және қарқынды терапия бөлімінің мейіргері Оксана Ткаленко;

«Үздік фельдшер» - Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем қызметінің бас фельдшері Қанат Құрманов;

«Үздік денсаулық сақтау саласының тәуелсіз сарапшысы» - Ақмола облыстық ауруханасының операциялық блогының меңгерушісі Асқар Рашитов;

«Үздік ЖОО оқытушысы» - Семей қаласының Медициналық мемлекеттік университетінің ішкі аурулар кафедрасының доценті Людмила Пивина;

«Үздік колледж оқытушысы» - Республикалық медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау колледжінің ғылыми әдістемелік орталығының оқытушысы Светлана Сахишева; 

«Үздік түлек» - Астана медицина университетінің түлегі Анастасия Роговая;

«Үздік ғалым» - Қарағанды медициналық университетінің ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ілияс Әзизов;

 «Үздік санитар дәрігер» - Лаура Насырова;

«Үздік провизор» - «Жаңамед-ПВ» фармацевтикалық компаниясының директоры Евгений Больгер.

«Мейірім» аталымында КСРО және Қазақ КСР құрметті доноры, қан донациясы саны жағынан әлемде 2 орынды алатын Александр Скаковский жеңімпаз боп танылды.   

Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтарды ҚР Парламентінің депутатары мен көрнекті қоғам қайраткерлері табыстады.

Денсаулық сақтау жүейесіне елеулі үлес қосқан еліміз өңірлерінің медициналық қызметкерлері ҚР Үкіметінің алғыс хаттарымен марапатталды.  

Салтантты жиын соңы Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақ КСР Халық әртісі Айман Мұсаходжаева, Қазақ КСР Халық әртісі Роза Рымбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Андрей Трегубенко, әнші Қарақат Әбілдина және өзге де белгілі қазақстандық орындаушылардың қатысуымен концертке ұласты.  

19 маусым, 2015 - 20:32 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші