ҚР ДСӘДМ жастарды жұмыспен қамту бойынша іс-әрекет жоспарының тұсаукесері өтті | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ жастарды жұмыспен қамту бойынша іс-әрекет жоспарының тұсаукесері өтті

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов Шығыс Еуропа және Орталық Азия үшін Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) өкілдерімен кездесті. Оның барысында ХЕҰ өкілі Қазақстан Республикасында жастарды жұмыспен қамту бойынша іс- әрекет жоспарының тұсаукесерін өткізді.

Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан жұмыс берушілері конфедерациясының, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері қатысты.

Жоғарыда көрсетілген жоспар жастар жұмыссыздығымен күрес бойынша тиімді шаралар қолдану үшін бағытталған. Ол қолайлы мамандықты таңдауда (кәсіптік бағдар) жастарды қолдауды, жастарды кәсіпкерлік қызметке ынталандыруды және жастардың еңбек нарығына қолжетімділігін  кеңейтуді қарастырады.

Қазіргі кезде ұқсас жобалалар Ресейде, Әзірбайжанда және ТМД-нің басқа елдерінде іске асырылуда.

Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында жастарды жұмыспен қамту бойынша іс-әрекет жоспары барлық мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан қолдау тапты.

29 маусым, 2015 - 10:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші