X
egov

You are here

ҚР ДСӘДМ 2020 жылға дейін экономиканың барлық саласына қатысты 900-ге жуық кәсіби стандарт әзірлеуді жоспарлауда

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Индустрияландыруды кадрлық қамтамасыз ету» тақырыбында өткен брифингте Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

Өз сөзінде Біржан Нұрымбетов экономика қажеттілігін еңбек ресурстарымен қанағаттандырудың және өндіріс пен оқыту арасында тікелей байланыс орнатудың маңызды элеметтерінің бірі кәсіби стандарттар әзірлеу екенін атап өтті.

Бүгінгі күні Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп негізгі элементтері кәсіби стандарттар әзірлеу болып табылатын Ұлттық біліктілік рамкаларын қалыптастыру бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатыр.

2012-2014 жылдары аралығында 345 кәсіби стандарттар әзірленді, ағымдағы жылы тағы 58 әзірленетін болады. Жалпы, 2020 жылға дейін экономиканың барлық саласына қатысты 900 кәсіби стандарт әзірлеу жоспарлануда.

Вице-министр кәсіби стандарттар мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларды негізге алу қажеттілігін  айтты. Сондықтан жұмыс берушілер олардың әзірленуіне белсенді қатысуға тиіс.

 «Осыған байланысты, біз 2016 жылдан бастап «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына, нақтырақ айтқанда жұмыс берушілердің салалық бірлестіктеріне кәсіби стандарт әзірлеу және актуализациялау бойынша міндеттерді тапсыруды жоспарлап отырмыз»,-деді Біржан Нұрымбетов.

Одан басқа, сертификациялаудың тәуелсіз жүйесін құру жоспарлануда. Ол жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады және білім беру мекемесі бітірушісінің білімі және іскерлігі  жұмыс берушінің тәжірибелік сұранысына қаншалықты сәйкес екендігін анықтауға бағытталған.

Қазіргі кезде пилоттық режимде мұнай-газ, тау-кен өндіруші және туристтік салалар мамадарының біліктілігінің сәйкестігін растайтын және кәсіби дайындығын бағалайтын 3 орталық жұмыс жасайды. Құрылыс және машина жасау салаларының мамандары үшін білім және дағдыларын бағалау енгізу жоспарлануда.

Сөзін қорытындылай келе, Біржан Нұрымбетов Қазақстанда индустрияландыруға, экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар бағдарламалар іске асырылып жатқанын атап өтті.

 «Бүгін 455 мың жұмыссыз және 585 мың өнімсіз еңбекпен қамтылған адам бар, ол 1 миллионнан астам адам. Елімізді индустрияландыру осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы өңірлерді жұмыспен қамту кешеңдік жоспарлары және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 322 мың жұмыссыз және өздігінен жұмыспен қамтылған азаматтарға жұмыспен қамтылуына көмектесуді жоспарлап отырмыз».

Ағымдағы жылдың бес айында 153 мың адам жұмысқа орналастырылды, олардың 52% немесе 80 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды, 73 мың адам кәсіпорындарға уақытша жұмысқа, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына және қоғамдық жұмыстарға жіберілді. 5 мыңнан астам адам мемлекет есебінен оқуға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберілді.

 

30 маусым, 2015 - 16:52 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші