А. Цой және Италияның Елшісі С. Раваньян денсаулық сақтау және әлеуметік даму саласындағы ынтымақтастықтың перспективасын талқылады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

А. Цой және Италияның Елшісі С. Раваньян денсаулық сақтау және әлеуметік даму саласындағы ынтымақтастықтың перспективасын талқылады

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Алексей Цой Қазақстан Республикасындағы Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньянмен кездесті. Оның барысында тараптар денсаулық сақтау және әлеуметік даму саласындағы перспективалық бағыттарды талқылады.

Кездесу барысында итальяндық компаниялардың  денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік – жекеменшік серіктестікті дамытуға қатысуы, Қазақстанның денсаулық сақтау саласына инвестициялар және инновациялар тарту мәселелері қаралды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша итальяндық компаниялардың Қазақстанның фармацевтикалық саласын  дамытуға қатысу мүмкіндіктерін қарастыру жөніндегі келісімдерге қол жеткізілді.

2009 жылғы 5 қарашада Рим қаласында Қазақстан Республикасы және Италия Республикасы арасында стратегиялық серіктестік жөніндегі қол қойылған Келісім-шарт шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастық жүзеге асырылып жатқанын естеріңізге саламыз.

2 шілде, 2015 - 17:56 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші