X
egov

You are here

Беларусь республикасының мемлекеттік органдарының және ҮЕҰ өкілдері Қазақстанның денсаулық сақтау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қолдану бойынша тәжірибесімен танысты

2015 жылғы 29 маусым және 1 шілде аралығында Беларусь республикасының денсаулық сақтау және қаржы министрліктерінің, облыстық және аудандық атқару комитеттерінің, үкіметтік емес ұйымдарының  өкілдері Қазақстанның денсаулық сақтау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қолдану бойынша тәжірибесімен танысты. 

Жұмыс сапары барысында қонақтар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цоймен, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық және Астана қалалық орталықтарының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің, ҮЕҰ басшылары және мамандарымен кездесті.

Беларусь республикасының өкілдерін ең алдымен Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қаржылық механизм мәселелері қызықтырды. Беларусь делегациясы  денсаулық сақтау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған  мемлекеттік сатып алу қызметтерін жүзеге асыру тәртібімен, 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру шеңберінде ҚР ДСӘДМ ҮЕҰ-мен бірлесіп атқарып жатқан жұмыспен, республикада АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдаймен және Теміртау қаласындағы «Казахстанский Союз людей, живущих с ВИЧ» қоғамдық қорының жұмысымен таныстырылды.

Үшкіндік кездесудің қорытындысы бойынша тараптар денсаулық сақтау саласында ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

1 шілде, 2015 - 18:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші