X
egov

You are here

22 мыңнан астам ауыл тұрғыны «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына және «Өрлеу» жобасына қатысуға ниет білдірді

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын түсіндіру жөніндегі ҚР ДСӘДМ жұмылдыру топтары жұмысының нәтижесі бойынша ағымдағы жылғы 16 наурыз және 29 маусым аралығында 22 мың 282 адам «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына және «Өрлеу» жобасына қатысуға ниет білдірді («ЖҚЖК 2020» - 17142 адам, «Өрлеу» - 5140).

Ауылдық жерлерде тұратын жұмыссыз және өздігінен өнімсіз еңбекпен шұғылданған тұрғындардың қамтылуы 866 мыңнан астам адамды құрады, олардың 140 мыңы жұмыссыздар, 726-ы – өздігінен жұмыспен қамтылғандар.

Жұмылдыру топтары жұмысының барысында 1262 елді мекен қамтылды, ол жоспарланған көрсеткіштен 42%-ға жоғары.

Алматы облысында (177), Солтүстік Қазақстан облысында (161) және Оңтүстік Қазақстан облысында (160) ауылдық елді мекеннің ең көп қамтылуын атап өтуге болады.

Ең жоғары көрсеткіштер келесі өңірлерде байқалады: Оңтүстік Қазақстан облысында – 4 мың 321 мың адам, Қызылорда облысында – 3 мың 57 адам, Қостанай облысында – 2 мың адам «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысуға ниет білдірді.

Бұрын хабарланғандай, жалпы Қазақстан бойынша құрамында 441 қызметкер бар 178 жұмылдыру топ құрылған болатын. Бастапқыда жұмыссыздықтың деңгейі жоғары, аз қамтылған, өздігінен жұмыспен шұғылданатын тұлғалар, сондай-ақ  «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысуы төмен болған 181 ауданның 404 ауыл тұрғынын қамту жоспарланған болатын. 

3 шілде, 2015 - 16:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші