7 және 13 шілде аралығында Маңғыстау және Қарағанды облыстарының шалғай ауылдарының тұрғындары әлеуметтік маңызды аурулар бойынша тегін медициналық көмек алатын болады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

7 және 13 шілде аралығында Маңғыстау және Қарағанды облыстарының шалғай ауылдарының тұрғындары әлеуметтік маңызды аурулар бойынша тегін медициналық көмек алатын болады

«Денсаулық жолы - 2015» республикалық акция шеңберінде 2015 жылғы 7 және 13 шілде аралығында жылжымалы медициналық кешеңдер Маңғыстау облысының Мұнайлы және Бейнеу аудандарының шалғай ауылдарына барып, тұрғындар скринингтік тексерулерден өтіп, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша тегін медициналық көмек алатын болады

13 шілдеде терапевтерден, кардиологтардан, хирургтерден, педиатрлардан, гинекологтардан, офтальмологтардан, стоматологтардан және зертханалық-диагностикалық қызметінің (УДЗ, ЭКГ, рентген зерттеулері) мамандарынан құрылған жұмылдыру топтарының Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына шығуы ұйымдастырылытын болады.

Профилактикалық тексерулерді өткізуге және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетуге Қарағанды, Жезқазған және Балқаш қалаларының медициналық қызметкерлері тартылады.

Ақтоғай ауданынан кейін 4 жылжымалы медициналық кешең Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарына жіберіледі.

Ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республиканың барлық өңірінде «Денсаулық жолы - 2015» кең көлемдегі акциясы өтетіндігін естеріңізге саламыз.   

 

 

3 шілде, 2015 - 17:05 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші