Астанада Нейрохирургиялық қоғамдардың еуропалық қауымдастығының білім беру курстары өтуде | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Астанада Нейрохирургиялық қоғамдардың еуропалық қауымдастығының білім беру курстары өтуде

ҚР  нейрохирургтарының III Съезі шеңберінде 6 және 8 шілде аралығында Ұлттық медицина холдингі Ұлттық нейрохирургия ғылыми орталығында Нейрохирургиялық қоғамдардың еуропалық қауымдастығының білім беру курстары (бұдан әрі - EANS) өтуде.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: «Қазақ нейрохирургтары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі және Ұлттық нейрохирургия ғылыми орталығы.

Форумға Ресейдің, Францияның, Чехияның, Эстонияның, Түркияның, Израильдің, Ирландияның, Нидерландияның және Венгрияның жетекші нейрохирургтары қатысты. Олардың арасында Нейрохирургиялық қоғамдардың Еуропалық қауымдастығының президенті Владимир Бенеш (Чехия), сондай-ақ алыс және жақын шетелдің басқа да көптеген белгілі ғалымдары бар.

Биылғы жылы EANS білім беру курсында тамырлық және спинальдық нейрохирургияға басты назар аударылады.

Бұл форум шетелдік және отандық нейрохирургтар үшін қызу пікірсайыс алаңына айналды. Ол еліміздің нейрохирургтарының үздіксіз кәсіби білім жүйесінің тиімділігін және ғылыми зерттеулердің деңгейін әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен интеграциялау  арқылы арттыруға мүмкіндік береді.

EANS курстары Еуропада көп жылдар бойы өткізіліп келеді. Олардың негізгі мақсаты: дәрігерлерге нейрохирургиялық аурулар және оларды емдеудің заманауи әдістері туралы ең жаңа ақпаратты беру болып табылады.

Курсқа еуропалық нейрохирургияның белгілі мамандары келіп, лекциялар мен пікірталастар барысында өз тәжірибелерімен бөліседі.

7 шілде, 2015 - 11:37 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші