X
egov

You are here

Мәжіліс мүгедектердің құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында палата депутатары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Осы Заң жобасы Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 20 ақпанда қол қойған «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңды іске асыру шеңберінде әзірленген.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру, оңалту қызметтерінің тиімділігін арттыру, ерекше қажеттілігін ескере отырып, олардың еңбек етуге, табиғи айналасына, көлікке, ақпарат пен байланысқа қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау мақсатында Заң жобасымен 24 заңнамалық актіге, оның ішінде 4 Кодекске түзетулер енгізіледі.

Заң жобасында мыналар қарастырылған:

Әлеуметтік, көлік инфрақұрылымының  қолжетімділігін қамтамасыз ету:

- вокзалдар мен әуежайларда кедергісіз орта құру;

- теміржол құрамдарын мүгедектерге қолжетімді вагондармен жабдықтау;

- көлік қызметкерлерін мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына және оларға қызмет көрсетуге, оның ішінде ымдау тіліне үйрету;

- әуежайларда, теміржол вокзалдарында, әлеуметтік-мәдени объектілерде, сонымен қатар алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда өзге көлік құралдарын қоюға болмайтын,  мүгедектердің арнайы автокөліктерін қоюға арналған тегін тұрақ орындарын бөлу және т.б.

Әлеуметтік сала (денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау) қызметтерін жетілдіру:

- медициналық көмек пен медициналық оңалтудың мүгедектерге қолжетімдігін қамтамасыз ету;

- медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру;

- денсаулық сақтау субъектілерінің міндетіне профилактикалық жұмысты қосу;

- естуі бойынша мүгедектерге ымдау тілінің маманы ұсынатын қызметті ұлғайту;

- инклюзивті білім беруді ескере отырып білім беру стандарттарын әзірлеу;

- мүгедек балалардың инклюзивті білім алуын қамтамасыз ету;

- білім беру жүйесінің барлық деңгейіндегі оқу-тәрбие процесін мүгедектердің құқықтарына құрметпен қарай отырып жүзеге асыру және басқалар.

Ақпарат және тұрғын үйге қолжетімділік:          

- мүгедектердің қызмет көрсету орындарында, телерадиохабар таратуда, пошта байланысы қызметтеріне ақпарат құралдарын қол жеткізуіне жағдай жасау;

- мемлекеттік қызметтерді қолжетімді нысанда көрсету;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласының қызметкерлерін мүгедектермен қарым-қатынас дағдыларына оқыту;

- тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге берілетін тұрғын үй пәтері екінші қабаттан жоғары болмауға тиіс;

- тұруға жарамды басқа тұрғын үй берместен үшінші топ мүгедектерін қызметтік тұрғын үйден шығаруға болмайтын адамдардың тізбесіне қосу;

- мүгедек медициналық-әлеуметтік мекемеде уақытша тұрған кезде оның тұрғын үйге құқығын сақтау.

Құқықтық көмекті жетілдіру:

- ымдау тілінде, оның ішінде сотта өз пікірін білдіру және ақпарат алу;

- мүгедегі бар отбасында жалғыз ер баланы әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру;

- мүгедектерді жазасын өтеу мерзімінде оңалту құралдарымен қамтамасыз ету;

- мүгедек болатын жерде адвокаттың құқықтық кеңес жүргізуі және басқалар.

Заң жобасын қабылдау алты жүз мыңнан астам мүгедектің құқықтарын жақсартуға ықпал етеді. 

13 шілде, 2015 - 15:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші