Т.Дүйсенова және Египеттің Елшісі Х. Камел Ибрагим денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың перспективасын талқылады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Т.Дүйсенова және Египеттің Елшісі Х. Камел Ибрагим денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың перспективасын талқылады

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Египет Араб республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайсам Камел Ибрагиммен кездесті. Оның барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы перспективалық бағыттарды талқылады.

Кездесу барысында Қазақстанға Египеттен дәрілік заттарды, медициналық жабдықтарды жеткізу, қазақстандық және египеттік мамандар арасында тәжірибемен алмасу жүйесін жетілдіру мәселелері қаралды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында  Қазақстанға египеттік бизнес-делегациясының келуі жөніндегі келісімдерге қол жеткізілді.

Екі ел арасындағы өзара-әрекеттестік экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-египеттік бірлескен үкіметаралық комиссия шеңберінде жүзеге асырылып жатқанын естеріңізге саламыз.

8 шілде, 2015 - 12:33 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші