X
egov

You are here

Біліктілік санатын көтеруден үміткер отандық дәрігерлер шұғыл көмек көрсету дағдыларын меңгергенін дәлелдеуде

2015 жылғы 1-жартыжылдықта жоғары, бірінші және екінші дәрежедегі біліктілік санатын алудан үміткер отандық дәрігерлер тәжірибелік дағдыларын және білімдерін бағалау барысында шұғыл көмек көрсету дағдыларын меңгергенін дәлелдеді.   

Бірінші және екінші санатты иелену үшін олар анафилактикалық шок,  жіті коронарлық синдром, жүрек кенет тоқтап қалған кезде, жоғары тыныс алу жолдарына (коникотомия) бөтен зат тұрып қалған кезде шұғыл көмек көрсету және базалық жүрек - өкпе жан сақтау шараларын жасау дағдыларын дәлелдеуге тиіс болатын.

Терапевт, хирург, акушер-гинеколог, педиатр, стоматолог және өзге бейінді дәрігерлер жоғары санат алу үшін клиникалық тапсырманы (клиникалық жағдайды) қолдана отырып, зертханалық және аспаптық көрсеткіштерді (рентген-сурет, ЭКГ, УДЗ, зертханалық сараптамалар) түсіндіріп беруге тиіс болатын. 

Жіті коронарлық синдром кезінде көмек көрсету дағдыларын тексеру арнайы оқытылған және берілген тапсырмаға сәйкес клиникалық жағдайды көрсететін «стандартты пациенттің» қатысуымен өткізілді.

2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі менеджерлер мен денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушыларынан өзге дәрігерлер үшін білімдері мен тәжірибелік дағдыларын бағалау шарасын енгізу жұмысын жалғастырып жатқанын еске сала кетейік. 

Жоғары, бірінші және екінші санаттан үміткерлерді бағалау арнайы оқудан өткен тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен өткізілді. 

2015 жылдың 1-жартыжылдығында 3882 дәрігер бағалаудан өтіп, олардың 3017-і (79%) емтиханды сәтті тапсырды. Дәрігерлердің тәжірибелік дағдыларын және білімдерін бағалау алғаш рет енгізілген 2014 жылдың 2-жартыжылдығында,  жалпы сынақтан өткен дәрігерлердің 77% емтиханнан сүрінбей өтті.   

Ағымдағы жылғы 3-тоқсанда дәрігерлердің тәжірибелік дағдыларын және білімдерін бағалау 10  және 21 тамыз аралығында  жоспарлануда.

8 шілде, 2015 - 15:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші