Мәскеуде ШЫҰ мүше мемлекеттері денсаулық сақтау министрлерінің Кеңесінде халықтың денсаулығын сақтау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Мәскеуде ШЫҰ мүше мемлекеттері денсаулық сақтау министрлерінің Кеңесінде халықтың денсаулығын сақтау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

 

Мәскеуде (Ресей Федерациясы) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цойдың, ҚХР  Денсаулық сақтау және тууды жоспарлау мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Сунь Чжиганның,  Қырғыз Республикасының  Денсаулық сақтау министрі С.Батыралиевтің, Ресей Федерациясы  Денсаулық сақтау министрі В.Скворцованың, Тәжікстанның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бірінші орынбасары Л.Бобоходжаевтың және т.б. қатысуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше мемлекеттері денсаулық сақтау министрлерінің екінші Кеңесі өтті.

 Денсаулық сақтау министрліктері басшыларының кездесуі барысында  халықтың денсаулығын сақтау саласындағы көп жақтық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Тараптар ортақ шекара, белсенді көлік қатынасы және миграциялық ағын  ШЫҰ мүше мемлекеттері халқы денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірлескен кешеңді және үйлесімді іс-әрекеттердің қажеттілігін талап ететіндігін атап өтті. ШЫҰ мүше мемлекеттері денсаулық сақтау министрлерінің Қорытынды мәлімдемені талқылау шеңберінде осы бағытта атқарылатын шаралар белгіленді.

Кеңестің қорытындысы бойынша Хаттамаға және денсаулық сақтау министрлерінің Қорытынды мәлімдемесіне қол қойылды. Онда халық денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласындағы ұлттық заңнама туралы ақпаратпен алмасу, ғылыми-практикалық жиындар, форумдар, конференциялар және семинарлар барысында озық тәжірибе мен әдістемелермен бөлісу мақсатында ШЫҰ мүше мемлекеттері денсаулық сақтау жүйелерін реформалауды жалғастыру туралы мәлімдеме жасалды.

Өзбек тарапы келесі кеңесті 2016 жылдың 1-жартыжылдығында Өзбекстанда өткізу туралы ұсыныс жасады.

Делегациялардың басшылары Ресей Федерациясының Үкіметіне және Денсаулық сақтау министрлігіне іс-шараны жоғары деңгейде өткізгені үшін ризашылықтарын білдірді.

 

8 шілде, 2015 - 20:04 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші