Еліміздің өңірлерінде «Денсаулық жолы - 2015» акциясы жалғасуда | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Еліміздің өңірлерінде «Денсаулық жолы - 2015» акциясы жалғасуда

«Денсаулық жолы - 2015» республикалық акция шеңберінде 2015 жылғы 13 және 19 шілде аралығында жылжымалы медициналық кешеңдер Маңғыстау облысының Маңғыстау және Бейнеу аудандарының шалғай ауылдарына барып, тұрғындар скринингтік тексерулерден өтіп, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша тегін медициналық көмек алатын болады. Жұмылдыру топтарының шығуы окулистердің, офтальмологтардың, терапевтердің, пульмонологтардың, педиатрлардың және кардиологтардың қатысуымен  ұйымдастырылытын болады.

Сол күндері жылжымалы медициналық кешеңдер Қызылорда облысының Қармақшы, Қазалы және Шиелі аудандарының ауылдарына шығады. Медициналық жұмылдыру бригадаларының құрамында терапевтикалық, кардиологиялық, эндокринологиялық, фтизиатрлық, онкологиялық және салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметтерінің мамандары бар.

13 және 19 шілде аралығында Астананың Көктал ауылының тұрғындары үшін консультативтік көмек көрсету және әлеуметтік маңызды ауруларды ерте анықтау, одан кейін диспансерлік есепке алу және сауықтыру мақсатында, денсаулық сақтау саласының мамандарынан тұратын бригадалардың шығуы жоспарлануда.

 Акция шеңберінде Алматы қаласы медицина ұйымдарының мамандары «Алатау», «Байсат», «Болашак», «Құлагер», «Д-Маркет», «Барлык» және «Достар коммерц» әмбебап базарларында тұрғындарға ақпараттық-консультативтік көмек көрсетеді және зертханалық-диагностикалық тексерулер жүргізеді.

 Ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республиканың барлық өңірінде «Денсаулық жолы - 2015» кең көлемдегі акциясы өтіп жатқанын естеріңізге саламыз.   

10 шілде, 2015 - 18:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші