«Қазақстанда іске асырылып жатқан ең үздік әлеуметтік жобалар» конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

«Қазақстанда іске асырылып жатқан ең үздік әлеуметтік жобалар» конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2015 жылы «Қазақстанда іске асырылып жатқан ең үздік әлеуметтік жобалар» республикалық конкурсы өтетіндігі туралы хабарлайды.

Бұл конкурс республикада үш жыл бойы өткізілуде.

Әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарт адамдарға, өмірде қиын жағдайға тап болған тұлғаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, басқа да халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына нақты көмек көрсету болып табылады.

Барлық өңірлерде үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі  комиссиялар құрылған, олардың құрамына үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдері, әкімдердің әлеуметтік мәселелерімен айналысатын кеңесшілері, «Нұр Отан» партиясы бөлімшелерінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және басқа да мүдделі адамдар кірді.

Конкурсқа қызметтері әлеуметтік қорғау жүйеісін дамытуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мүгедектердің ұйымдары, жеке тұлғалар, басқа мекемелер мен ведомстволар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдердің қабылдануын жергілікті атқару органдары 31 тамызға дейін жүзеге асырады.

Облыстық комиссиялардың талқылауының қорытындысы бойынша ең үздік әлеуметтік жобалар республикалық комиссияның қарауына ұсынылады, олар конкурсттың лауреаты атағын беру туралы шешім қабылдайды.

Ең үздік әлеуметтік жобалардың тұсаукесер рәсімі және конкурс жеңімпаздарын марапаттау әлеуметтік қорғау жүйеі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өтеді.

«Қазақстанда іске асырылып жатқан ең үздік әлеуметтік жобалар» республикалық конкурсы бірінші рет Астанада 2013 жылы өткенін естеріңізге саламыз.

Конкурсқа Қазақстанда іске асырып жатқан: жастарды, балалар мен жасөспірімдерді; отбасыларды (отбасылық сәтсіздіктің алдын алу); қиын жағдайларға тап болған әйелдер мен ерлерді; қарттарды, девианттық және делинквенттік міңез-құлыққа,  аддикцияға бейім адамдарды;  мигранттарды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау бойынша жобалар қатысты.

 

13 шілде, 2015 - 15:09 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші