X
egov

You are here

Астанада Орталық Азияда босқындарды қорғау және көші-қон мәселелері талқыланды

ҚР Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов  босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Алматы процесіне қатысушы мемлекеттердің елшілерімен кездесті. Оның барысында жұмыстың негізгі нәтижелері және қорытындылары, сондай-ақ алдағы жылы Алматы процесіне төрағалық ету мәселелері талқыланды.

Іс-шараға БҰҰ-ның Орта Азия бойынша босқындардың істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасының Аймақтық өкілі Бернард Дойл, Орта Азия бойынша Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның Аймақтық үйлестірушісі Деян Кесерович, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Біржан Нұрымбетов  мигранттар мен босқындардың құқықтары мен мүдделерін ескеретін, елдердің жыл сайын ауқымы мен күрделілігі өсіп жатқан төтенше жағдайларға және жаппай орын ауыстыруға дайындығын арттыруға мүмкіндік беретін жүйе құру қажеттелігін айтып өтті.

Вице-министр, «негізгі мақсат Орта Азия елдерінің, жалпы аймақта және одан тыс жерлердің бағытында еңбек миграциясына қатысты күрделі мәселелерді шешуде мемлекеттерге қолдан келетін көмек көрсету», - деп атап өтті.

 Кездесу барысында БҰҰ-ның Босқындардың істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасының және Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның жаңа инициативалары, сондай–ақ Алматы процесі шеңберінде ары-қарай дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Алматы процесі жоғары лауазымды тұлғаларының кезекті кездесуін ағымдағы жылы қыркүйекте Қазақстанда өткізу жоспарлануда. Кездесудің мақсаты мен тақырыбы Орталық Азияда, жалпы аймақта еңбек миграциясы саласындағы күрделі мәселелердің шешімін табуда қатысушы елдердің әлеуетін нығайту болмақ.

Қорытындысында кездесуге қатысушылар БҰҰ-ның Босқындардың істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасының және Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның 2016 жылы Алматы процесінде Қазақстан Республикасының төрағалығын ұзарту жөніндегі ұсыныстарын қолдады.

Алматы процесі – 2011 жылы Қазақстанның инициативасымен құрылған тұрақты диалогтық алаң екенін естеріңізге саламыз.

Алматы процесінің мақсаты - босқындардың және халықаралық миграцияның өзекті мәселелерін аймақтық форматта және ғаламдық пенрспективасында бірлесіп шешу. Қазақстан Алматы процесінің бірінші төрағасы болып сайланған.

Тегтер:
15 шілде, 2015 - 17:37 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші