X
egov

You are here

Гемофилия ауруына шалдыққандарды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету - ҚР ДСӘД үнемі бақылауында

Қазіргі таңда республиканың барлық аймақтарына кестеге сәйкес дәрілермен үздіксіз қамтамасыз ету жүзеге асырылып келеді. 2015 жылы гемофилия ауруына шалдыққандарды қамтамасыз ету үшін  мемлекет республикалық бюджеттен  9,1 млрд. теңгеге жуық қаражат бөліп отыр.

Балалар мен ересектерді амбулаториялық деңгейде емдеу мемлекеттің есебінен қаржыландырылып, емдеу протоколына сәйкес жүзеге асырылып келеді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі берілген дәрілік заттардың тізімін жасау жас ерекшеліктері мен ингибиторлы формамен ауратын балаларды ескере отырып, барлық  облыстық және Астана, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармалары, республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдары мен еліміздің жетекші гематолог мамандарының үсыныстары негізінде жасалады.  

Астана, Алматы қалалары мен аймақтардағы денсаулық сақтау басқармаларының мәлімдеген қажеттіліктерінің негізінде 2014 жылдың қыркүйегінде «СК-Фармация» ЖШС 2015 жылға ауруларды емдеуге арналған қан факторын сатып алуға 17 халықаралық патенттелмеген атаулар бойынша  8 млрд. теңге сомасына  тендер өткізді.

Барлық сатып алынатын қан факторлары  Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік тіркеуден өткен. Дәрілік заттардың медициналық қолданылуы мемлекеттік тіркеуден өту кезіндегі нұсқаулыққа сәйкес реттеледі.

Сонымен бірге, бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережелеріне сәйкес эксперттік комиссия құрылды. Құрамына ҚР ДСӘД бас гематологы кіретін аталмыш комиссия 2015 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында сатып алынатын емдік дәрілік заттардың әлеуетті жеткізушілердің ұсыныстар сәйкестігін тексеру үшін сараптама жасамақ.

2016 жылға арналған дәрі-дәрмектерді, оның ішінде гемофильді факторларды сатып алу белгіленген мерзімде жүзеге асырылып, бекітілген кестеге сай жеткізіледі.

ҚР ДСӘД бас гематологы Риза Боранбаеваың айтуынша, 2015 жылы бірыңғай дистрибьютор арқылы 6 жасқа дейінгі балаларға клиникалық байқау жүргізбейтін «Новикс» препараты сатып алынған, Қазақстанда бұл препарат ересектер мен жасы 6 жастан жоғары балаларға қолданылады. «Б» типіндегі гемофилияның қанның ұю факторымен қамтамасыз ету бойынша аймақтарда жас балаларға қарсы көрсетілімі жоқ иммунин мен октанайн (IX фактор) препараттарының қоры бар», - деп атап өтті Р.Боранбаева.

ҚР ДСӘД бас гематологы Ирина Пивоварованың мәліметі бойынша, 2015 жылы гемофилия ауруына шалдыққандарды профилактикалық емдеу үшін «Геморель А» препараты сатып алынған жоқ және қолданысқа енген жоқ. Сонымен қатар, гемофилия ауруына шалдыққан пациенттерді рекомбинантты препараттарға ауыстыру жоспарланған емес. Мүндай мақсат ҚР ДСӘД тарапынан да, гематолог дәрігерлер тарапынан болған жоқ, - деді И.Пивоварова.

Мамандардың пікірінше, бұл мәселе толық зерттеу мен бірнеше сатылық жұмысты қажет етеді. Қан ұюының плазмалық факторындағы балалар ингибитордың ұлғаю әсеріне байланысты рекомбинатқа ауыстырылмауы керек. Бұл мәселені шешу үшін шетел тәжірибесімен танысып, гематология саласындағы ересектер мен балалар мамандарымен бірлесе отырып, дұрыс шешім қабылдаған абзал.

2014 жылы барлық аймақтардың лаборант дәрігерлеріне гемофилияға диагноз қою мәселесін оқыту жөніндегі кеңейтілген семинарлар өткізілді. Сондай-ақ, «Республикалық Медициналық Орталық» АҚ квотасы бойынша пациенттері үздіксіз дәрігерлік бақылаудан өтіп отыр. Медицициналық көмекке жүгінетін барша гемофилиямен ауыратын пациенттер жалпы емдеу жүйесінде кепілдендірілген ем алады. Мұндай ауруға шалдыққан адамдарға медициналық көмек көрсетуде бас тарту фактілері тіркелмеген.

Жергілікті халықты сапалы, тиімді, қауіпсіз дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, сонымен қатар оларды тегін медициналық көмектің көлемі аясында қолжетімді ету ҚР ДСӘД басты міндеттерінің бірі болып саналады. Барша көмекке мұқтаж адамдарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін бұл мақсаттағы қаржыландыру жыл сайын өсіп келеді. 

17 шілде, 2015 - 19:57 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші