X
egov

You are here

Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл облыстарында және Астанада «Денсаулық жолы - 2015» акциясы жалғасуда

«Денсаулық жолы - 2015» республикалық акция шеңберінде 2015 жылғы 20 және 26 шілде аралығында жылжымалы медициналық кешеңдер (ЖМК) Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Сарға, Сыңғырлау, Ақжігіт ауылдарына және Маңғыстау ауданының Жармыш, Жынғылды ауылдарына барып, тұрғындар скринингтік тексерулерден өтіп, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша тегін медициналық көмек алатын болады. Жұмылдыру топтарының шығуы окулистердің, офтальмологтардың, терапевтердің, пульмонологтардың, педиатрлардың, кардиологтардың, хирургтардың және акушер-гинекологтардың қатысуымен  ұйымдастырылытын болады.

Сол күндері жылжымалы медициналық кешеңдер Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жосалы стансасына және Иіркөл ауылына, Қазалы ауданының Бірлік, Қожабақы, Аранды ауылдарына, Шиелі ауданының Ботабай, Бала би және тағы басқа шалғай ауылдарына шығады. Медициналық жұмылдыру бригадаларының құрамында терапевтикалық, кардиологиялық, эндокринологиялық, фтизиатрлық, онкологиялық және салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметтерінің мамандары бар.

20 және 24 шілде аралығында Астананың Лесозавод ауылының тұрғындары үшін консультативтік көмек көрсету және әлеуметтік маңызды ауруларды ерте анықтау, одан кейін диспансерлік есепке алу және сауықтыру мақсатында, денсаулық сақтау саласының мамандарынан тұратын бригадалардың шығуы жоспарлануда.

Осы кезеңде жұмылдыру топтары Жамбыл облысының шалғай аудандарына шығады.

Ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республиканың барлық өңірінде «Денсаулық жолы - 2015» кең көлемдегі акциясы өтіп жатқанын естеріңізге саламыз.   

18 шілде, 2015 - 12:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші