X
egov

You are here

ҚР ДСӘД министрі Т. Дүйсенова Татарстанның еңбек, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту министрі Э. Зариповамен әлеуметтік саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Татарстанның еңбек, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту министрі Э.Зариповамен әлеуметтік қорғау және көші-қон салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Эльмира Зарипова Қазақстанға жұмыс сапары кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған «WorldSkills Competition» халықаралық чемпионатын 2019 жылы Қазан қаласында өткізуге арналған таныстыру рәсімінің аясында өткенін хабарлады. Сонымен қатар, жұмыс сапары мақсаттарының бірі - әлеуметтік жағдайы төмен халыққа және азаматтарды жұмыспен қамту бойынша әлеуметтік көмек ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу екенін атап өтті.  

Өз кезегінде Тамара Дүйсенова әріптесіне шараны өткізуге сәттілік тілеп, Қазақстанда этникалық көші-қонға қатысты көші-қон заңнамасының жетілдіріліп жатқандығын хабарлады. Нақтылай түссек, этникалық қазақтардың (оралмандар) ықтиярхат алу рәсімін оңайлату; оларға орналасқан аймағына қарамастан оралман мәртебесін беру; аталмыш этникалық топқа бір жылдың ішінде ҚР азаматтығын алу рәсімін оңайлату; оларды Үкімет анықтаған аймақтарға орналастыру квоталарын бөлу сонымен қатар, аймақтарға орналастыру кезінде Үкімет анықтаған әлеуметтік жеңілдіктерді қарастыру (көлік шығындарын өтеу, қызметтік үй болмаса жатақханадан бөлме беру, жұмыспен қамту).  

Сондай-ақ, министрлік басшылары оралмандардың аймақтық бейімделу және бірігу орталықтарының қызметтерін талқылады.

Кездесу соңында Татарстанның еңбек, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту министрі Э.Зарипова Тамара Дүйсеноваға кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, қазақстандық әріптесін Татарстанға жұмыс сапарына шақырды. 

 

20 шілде, 2015 - 18:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші