X
egov

You are here

Жыл басынан қазақстандықтарға 3 млн-ға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді

2015 жылдың  бірінші жартыжылдығында қазақстандықтарға 2 911 622 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы бүгін Орал қаласында «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының (ЗТМО) 2015 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жұмыс қорытындысы мен екінші жартыжылдықтың негізгі міндеттері туралы» тақырыбында БҚО әкімі Нұрлан Ноғаевтың, ЗТМО басшылары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен өткен алқа мәжілісінде ЗТМО бас директоры Біржан Жүнісов хабарлады.

Жиында Қазақстанның саяси және экономикалық жетілдіру жағдайындағы әлеуметтік саясаты талқыланып, сонымен қатар ЗТМО-ның  бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарының жүзеге асырылуы қорытындыланды.

Сондай-ақ, шара барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпараттық технологияларды қолдана отырып халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасын арттыру, әлеуметтік төлемдер мониторингі, бірінші жартыжылдық бойынша әлеуметтік төлемдер жұмысын талдау бойынша атқарылған істері жайында хабарланды. 

 «2015 жылғы 1-жартыжылдығында 2 млн. 911 мың 622 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде  687 мың 787 - Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы арқылы, 3 мың 931 - ХҚКО арқылы және  электрондық үкімет порталы арқылы 2 млн. 219 мың 904 қызмет жүзеге асырылды», - деп мәлімдеді Біржан Жүнісов.

Шара аясында ЗТМО селолық округтерде тұратын жалдамалы жұмысшылар мен жұмыссыз және табысы аз азаматтарды есепке алу мақсатында жасалған «Селолық округ әкімінің жұмыс орнын автоматтандыру» жобасын таныстырды. Аталмыш бағдарлама көмегімен селолық округтердегі жұмыссыз, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды, жалдамалы жұмысшыларды есепке алуды жүйелеу; еңбек ресурстарының тепе-теңдігін сақтау; халықтың мақсатты тобын жұмыспен қамтуға ықпал ету шараларын анықтау; ішкі еңбек көші-қонын айқындау; өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтарды рәсімдеу және отбасының қосымша шаруашылығы туралы ақпаратты жүйелеу мәселелері өз шешімін таппақ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру шеңберінде және шалғай жатқан елді мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін жақсарту мақсатында  2015 жылдың 12  наурызында  «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚҚ,  «Қазпошта» АҚ және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК арасындағы өзара түсіністік пен  ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумға сәйкес Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық,  «Қазпошта» АҚ және Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарынан мобильдік топ ұйымдастырылды. Мобильдік топтар мемлекеттік қызмет алу үшін азаматтарға қолайлы жағдай, жеңілдетілген тәртіп, уақыт пен  шығындарды азайтуды  қамтамасыз ете отырып, көмек алушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

Соңғы 3 ай көлемінде мобильдік топтар 1407 шалғай жатқан елді мекенге барды. Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және кеңес алу мәселелері бойынша 8 339, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау үшін 1 475 азамат өтініш білдірді. Деректемелерді және т.б. өзгертуге – 1 743 құжат қабылданып, 5 121 азаматқа консультациялық көмек көрсетілді.

Қазіргі таңда ЗТМО мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мақсатында зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау үшін «Электрондық үкімет» порталы арқылы өтініштерді қабылдайды. Олардың ішінде: базалық зейнетақы төлеу, бала туылуына байланысты бір реттік жәрдемақы, республикалық бюджеттен бала 1 жасқа толғанға дейін төленетін мемлекеттік жәрдемақы және жасына байланысты МӘЖ электрондық портал арқылы беріледі.

Ақпараттық коммуникациялық қызмет көрсету мақсатында ЗТМО негізінде ҚР ДСӘДМ байланыс орталығы құрылды. Орталыққа 2015 жылдың 1-жартыжылдығында азаматтардан 142 мың  өтініш келіп түсті.

Естеріңізге сала кетейік, 1997 жылы құрылған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы еліміздің зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіндегі негізгі институционалдық құрылым және әлеуметтік-қаржылық инфрақұрылымның маңызды бөлігі болып табылады.  Бүгінде ЗТМО республиканың әлеуметтік және қаржылық жұйесінде бірқатар мемлекеттік маңызы бар қызметтерді атқарып келеді. Ай сайын зейнетақы жүйесінде 6 млн.-нан астам төлемақы беріледі.  Сонымен қатар, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің 5 млн. жуық  салымшылары мен 8 млн.-нан аса жинақтаушы салымшылардың дербестендірілген есебі жүргізіледі. 

23 шілде, 2015 - 15:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші