X
egov

You are here

27 мыңнан астам ауыл тұрғыны «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына және «Өрлеу» жобасына қатысуға ниет білдірді

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын түсіндіру жөніндегі ҚР ДСӘДМ жұмылдыру топтары жұмысының нәтижесі бойынша ағымдағы жылғы 16 наурыз және 22 шілде аралығында 27 мың 108 адам «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына және «Өрлеу» жобасына қатысуға ниет білдірді («ЖҚЖК 2020» - 20 мың 984 адам, «Өрлеу» - 6 мың 124).

Ағымдағы жылдың 1-22 шілде аралығында мобильдік топтар 620 ауылдық елді мекенде тұратын жұмыссыз және өздігінен өнімсіз еңбекпен шұғылданған 93,6 мыңнан астам тұрғындарды қамтыды. Олардың 34,5 мыңы жұмыссыздар, 59,1 мыңы – өздігінен жұмыспен қамтылғандар. 

Ең көп қамтылған ауылдық елді мекендер келесі өңірлерде байқалады: Оңтүстік Қазақстан облысы – 141, Солтүстік Қазақстан облысы – 121, Алматы облысы – 90.

Ең жоғары көрсеткіштер келесі өңірлерде байқалады: Оңтүстік Қазақстан облысында – 4 мың 852 мың адам, Қызылорда облысында – 1 мың 256 адам, Қарағанды облысында – 1 мың 203 адам «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысуға ниет білдірді.

Бұрын хабарланғандай, жалпы Қазақстан бойынша құрамында 441 қызметкер бар 178 жұмылдыру топ құрылған болатын. Бастапқыда жұмыссыздықтың деңгейі жоғары, аз қамтылған, өздігінен жұмыспен шұғылданатын тұлғалар, сондай-ақ  «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысуы төмен болған 181 ауданның 404 ауыл тұрғынын қамту жоспарланған болатын. 

23 шілде, 2015 - 16:31 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші