Қазақстан шетелдерден жоғарғы білікті жұмыс күшін тартуды рәсімдеу шараларын қайта қарастырады | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
X
egov

You are here

Қазақстан шетелдерден жоғарғы білікті жұмыс күшін тартуды рәсімдеу шараларын қайта қарастырады

Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «100 нақты қадам» ұлт жоспарының аясында шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін жетілдіру» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.

Сөз басында Біржан Нұрымбетов ҚР көші-қон саясаты ішкі еңбек нарығын қорғау мен оны отандық мамандар үшін сақтау қағидаларына, сонымен қатар, жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тартуға негізделгенін атап өтті (әрі қарай ШЖК).

Қазақстанда квоталау және жұмыс істеуге рұқсат беруге негізделген ШЖК тарту тәртібі қолданылады.

ҚР Үкіметі 2015 жылы ШЖК тартуға бекітілген квота көлемін республиканың экономикалық белсенді тұрғындарының жалпы санының 0,7% (шамамен 63,9 мың адам) құрады.   

2015 жылдың 1 шілдесіндегі мәліметтерге сәйкес елімізде 38 346 шетел азаматтары жұмыс істейді. Оның 63%-ға жуығы жоғарғы санаттағы жұмыскерлер (топ-менеджерлер, орта буын басшылары, мамандар), 37% - білікті және маусымдық шетелдік жұмыскерлер.

Бүгінде Қазақстанда 144 елден келген 38 346 шетел азаматтары жұмыс істеуде (Қытай - 32%, Туркия -12%).

ҚР ДСӘДМ қолданыстағы ШЖК тарту жүйесін жетілдіру жолдарын ұсынуда. Қазіргі таңда көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері бойынша Заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленді.

Заң жобасында шетел мамандарын (жұмыс істеу үшін Қазақстанға өз еркімен келген азаматтар) квотадан тыс және рұқсатсыз тарту, біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы енгізу, шетелдік жұмыскерлерді балдық жүйе бойынша бағалау мәселелері қамтылған. Шетел жұмыскерлері үшін өздігінен жұмысқа орналасу бойынша басым бағыттар анықталатын болады (эконимикалық қызмет түрлері).

Сондай-ақ, заң жобасында жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тарту тәртібін жетілдіру ұсынылады. Егер бұған дейін квота Қазақстанның экономикалық белсенді тұрғынына пайыздық арасалмағы негізінде белгіленсе, енді ШЖК тартуға квотаны экономикалық қызметтің түрі бойынша сала жұмыскерлерінің санына қатысты пайыздық арасалмақпен анықтау қарастырылады. Рұқсатты ақылы негізде беру жоспарланған. Рәсімдеу шараларын жеңілдету мақсатында рұқсатты беру ХҚКО арқылы жүргізіледі. 

Ішкі корпоративтік ауысулар рәсімдерін жеңілдету ісі Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шарттарымен сәйкес жүзеге асырылады.

Ішкі корпоративтік ауысуларды жеңілдік шарттарынының негізінде рұқсат беру арқылы квотадан тыс жүзеге асыру ұсынылып отыр, Жеңілдік шарттары тегін рұқсат беруді, 2 және 3 санаттағы (құрылымдық бөлім жетекшілері мен мамандар) жергілікті кадрларды ұстауға қойылатын талаптардың 50%-ға дейін төмендетілуін, сонымен қатар, бірінші санат бойынша (жетекшілер мен олардың орынбасарлары) шектеулерді алып тастауды қарастырады

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы «100 нақты қадам» ұлт жоспарының аясында еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында инвесторларға жағдай жасауды, АҚШ, Канада, Австралия және т.б. елдердің тәжірибесін негізге ала отырып, жоғарғы білікті шетел мамандарын тарту бағытындағы көші-қон тәртібін қайта қарауды тапсырған болатын. 

 

24 шілде, 2015 - 12:11 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші