X
egov

You are here

Алматыда Қазақстанның аудандық онкологтары мен маммологтары халыққа онкологиялық көмек көрсетудің өзекті мәселелерін талқылады

2015 жылғы 24 шілдеде Алматы қаласында аудандық онкологтар мен маммологтардың ІІ республикалық семинар-кеңесі өтті.

Шараға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, онкологиялық диспансерлердің бас дәрігерлері мен олардың орынбасарлары,  Қазақстанның барлық аймақтарынан келген онкологтар мен маммологтар, барлығы 330-ға жуық маман қатысты.

Онкологиялық қызметтің өзекті мәселелерін талқылауға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айтгүл Самақова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнәр Құлқаева, еліміздің бас онкологы, Қазақ онкология және радиология ҒЗИ директоры Қуаныш Нұрғазиев қатысты.

 «Онкологтардың алғашқы семинар-кеңесі 2011 жылғы қазанда Астанада өткен болатын. Бұл Қазақстанның барлық аудандық онкологтары бас қосқан тұңғыш жиын болды. Шарада алдағы уақыттағы онкоқызметті жетілдіру жолдары талқыланды. Аудандық онкологтар мен маммологтардың II республикалық семинары отандық сала мамандарының маңызды бас қосуы болмақ. Республикамыздағы онкологиялық қызметтің негізі – саланың алғашқы буыны болып табылатын облыстар мен аудандардың дәрігерлері мен мамандары»,- дейді Қуаныш Нұрғазиев.

Семинар-кеңес аясында онкологиялық қызмет пен амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жұмысын біріктіру; онкологиялық, маммологиялық, ерлер және әйелдерді қарау кабинеттерінің жұмысын жандандыру; 65 және одан жоғары жастағы тұрғындар арасында қатерлі ісікті ерте сатысында анықтау үшін скринингтік және обырдың алдын алу бағдарламаларын  жүзеге асыру; ҚР онкологиялық қызмет саласына мониторинг және бағалау жүйесін енгізу; қатерлі дертке шалдыққан науқастарға медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету сынды өзекті мәселелер қаралды.

Сонымен қатар, ҚР онкоқызметін арттыруға үлес қосқан аудандық онкологтар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің төсбелгілері және Құрмет грамоталарымен марапатталды. 

2012-2016 жылдарға арналған ҚР онкологиялық көмекті жетілдіру бағдарламасы» аясында 101 онкологиялық, 273 маммологиялық, 18 проктологиялық кабинеттер ашылады. Бүгінгі таңда бұл кабинеттердің жұмысын жандандыру әлі де күн тәртібінде тұр.  Аталмыш кабинеттер қатерлі ісіктің алдын алу мен оны ерте сатысында анықтауда маңызды болып отыр. Елімізде аудандық онкологтардың саны 350-ге (2011 ж. – 263), маммологтар 207-ге (2013 ж. – 166) дейін артты. 

Ресми мәліметтерке сүйенсек, 2015 жылдың 6 айында 17 130 қатерлі ісікке шалдыққан науқас тіркелді. Оның 55,4% I-II сатысындағылар. Солтүстік, Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысында обыр дерті жоғары көрсеткішке ие.  

24 шілде, 2015 - 18:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші